Нұр-Сұлтанның ауданаралық тергеу соты бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін 2021 жылдың наурыз айының соңына дейін ұзартты. Бұл туралы экс-министрдің адвокаты Дмитрий Куряченко айтты.
«Тергеушілер 12 ақпанда үйқамақта ұстау мерзімін ұзартуға қатысты ұсыныс жасады. Сот үйқамақта ұстау мерзімін наурыздың соңына дейін ұзартты», – деді адвокат Дмитрий Куряченко.
Сондай-ақ адвокат Мемлекет басшысынан «Біртановты заңсыз қудалауды тексеруін» сұрап, өтініш жазғанын айтты.
Елжан Біртановқа 2020 жылдың 3 қарашасында аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап етті деген айып тағылып, қамауға алынған болатын.