Елордалық әйел ұрының үстінен түсті

Елордалық әйел ұрының үстінен түсті

Қостанай облысының 31 жастағы тұрғыны елордалық әйелді тонап кетті. Ол әшекей бұйымдары мен бір миллион теңгені қолды еткен,  - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.  Полицияға елорданың 59 жастағы тұрғыны шағым түсірді. Белгілі болғандай, елордаға жұмыс істеуге келген ер адам кешке Күлтегін көшесіндегі үйлердің біріндегі пәтерге есікті бұзып кірген.

"Үйден ол әшекей бұйымдары  және 1 миллион теңгені қолды еткен. Ұры олжасын алып кеткелі жатқанда үйдің иесімен кездесіп қалған. Ер адам оны итеріп, оқиға орынан қашып кеткен. Автобустың бейнебақылау камерасына оның ақшаны санап отырған сәті түсіп қалған. Жедел әрекет еткен тәртіп ақшылары қаскөйдің қайда тұратынын анықтады. Алайда ол полицейлерден басқа қалаға қашып үлгерген", - делінген хабарламада.
Бір күн өткен соң күдікті Қарағандыда ұсталып, Нұр-Сұлтанға жеткізілді. Оның бұрын сотты болғаны анықталды. Қазіргі уақытта ұрының елорда аумағында болған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.