БҚО-да жол апатынан 6 адам қаза тапты

БҚО-да жол апатынан 6 адам қаза тапты

Орал-Атырау тас жолында болған жантүршігерлік жол апатынан алты адам қаза тапты, деп хабарлайды "Мой город".

Тағы бір адам түрлі дене жарақаттарымен ауыл ауруханасына жеткізілген.

БҚО полициясы 22 ақпанда болған жантүршігерлік жол апаты Орал-Атырау тас жолында, Тайпақ ауылының маңында болғанын хабарлады. Тас жолда Toyota мен Lada көліктері соқтығысқан.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, апат орнында алты адам қайтыс болды, тағы біреуі Тайпақ ауылындағы ауруханаға жеткізілді. Полиция қызметкерлері оқиға орнында болып, мән-жайды зерттеді. Қазір апатқа қатысты басқа мәліметтер тексеріліп жатыр.