Astana Musıcal «Шаңырақ» перформансын ұсынады
Astana Musıcal «Шаңырақ» перформансын ұсынады
238
оқылды

«Қазақконцерт» мемле­кет­тік концерттік ұйымы­ның Astana musical мем­ле­­­кет­тік театры 30-31 қаң­тар күндері елордадағы «Қазақстан» орта­лық кон­церт залында «Шаңырақ» атты жаңа эксперимен­ттік музыка­лық пер­фор­­мансын ұсынады.

«Шаңырақ» – бұл жаңа бағыттағы экс­пе­рименттік музыкалық перформанс. Барлық көріністер қазақ халқы үшін бірліктің символы – киіз үйдің ішінде сахналанады. Қойылым идеясы мен сюжеті бүгінгі таңда көкейкесті.

«Шаңырақ» перформан­сын­да Ұлы дала елінің мәңгілік құн­­дылықтары тамаша көрі­ніс тапқан. Олар – ұлттық му­зы­­­калық өнер, ежелден келе жат­қан әдет-ғұрып, уақыт сы­­ны­нан өткен салт-дәстүр. Музы­калық спектакльде адам өмірінің тал бесіктен жер бе­сік­ке дейінгі сәттерін қа­зақ­­тың салт-дәстүрімен шебер бай­ланыстырған. Кейіп­кер­лердің ішкі сезімдері музыкалық ария, дуэт, трио, хор арқылы ерекше жанрда жет­кізілді. Сахналық қойылымның әр кезе­ңі халық әндерімен әрленіп, музыкалық аспап­тармен сүйемелденіп, зама­науи хорео­графиямен үйле­сім табады.

«Қазақконцерт» мем­ле­­­кет­тік концерттік ұйымы­ның ди­ректоры Жеңіс Сейдуллаұ­лы­ның айтуынша, «Шаңырақ» пер­фор­мансы ұлт руханиятының жаң­ғыруына зор үлес қосатын қойылым.  

– Қазақ халқы үшін шаңы­рақ – қастерлі де қасиетті ұғым. Бүгін талантты жастар «Ша­ңы­­рақ» туындысын сахна­лап, қа­зақ музыкалық өне­­рі­­нің қара ша­ңырағы – «Қа­зақ­­­концерттің» 60 жылдық ме­рей­­­тойы мен Жас­тар жылы ая­сын­­да кере­мет тарту жасады. Ұлт­­тық құнды­лық­тарымызды қадір тұтқан өнерпаз жастар көпшілікке рухани азық сыйлап, заман көшімен жалғасып, бүгінге жеткен салт-дәстүр, әдеп-ғұрыптың қайта жаңғыруына үлес қосты, – деді ол.

Музыкалық перформанстың алдын ала көрсетілімі былтыр қазан айының соңында өткен. Оқырманға түсінікті болу үшін анықтама бере кетсек, перформанс – көпшілік алдында өнер мен өнерден тыс нәрседен синтездеу арқылы жасалатын туынды. Перформанстың басты белгілері – эпатаж, қабылданған қалыптан өзгеше дүние. 1970 жылдары пайда болған пост модернизм ағымына жатады.  

Эксперименттік музыка­лық пер­фор­­манстың режиссері – As­ta­na­ musi­cal теа­трының көр­­кемдік жетек­ші­­­сі Ес­ләм Нұр­­­та­зин. Либретто авторы – бел­­­­гі­лі дра­­­­­матург Әннас Бағдат, ком­по­­зи­торы – Бо­­­лат­­бек Нұр­қасы­мов.

 

Айдана БЕГІМ