Билек – «Астананың» бас бапкері
Билек – «Астананың» бас бапкері
256
оқылды

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері чехиялық Михаил Билек «Астана» клубының бас бапкері болып тағайындалды.

Михаил Билек Роман Гри­го­рчуктың орнына келді. Гри­гор­чук «Астана» клубымен 13 қаңтарда келісімшартты үзген болатын. Ол 2018 жылы маусым-тамыз аралығында және 2019 жылы толық маусымды атқарып шыққан. Клуб григорчуктың басшылығы кезінде Еуропа ли­га­сының топтық кезеңіне өтті. Әрі алтыншы рет қатарынан Қа­зақ­стан чемпионы атанды.

2019 жылы қаңтарда Қа­зақ­­стан құрамасының тізгі­нін ұстаған 54 жастағы Би­лек­­тің басшылығымен құ­ра­­ма он ұпай алып, Еуро-2020 іріктеу ке­зе­ңін­де соңғы орын­ның бі­рін қанағат тұтты. елі­мізге кел­­генге дейін Билек бірне­ше клубта қызмет істеді. Ол Че­­хия құрамасын және гру­зия­­­лық «Динамо» клу­бын бас­қар­­ған. Сондай-ақ Билектің бас­шылығымен пра­галық «Спар­та» 2007 жылы ал­тын дубль жаса­ды, ал 2003 жылы Чехия жасөс­пі­рім­дер құ­ра­масы (19 жасқа дейін) Еуропада 3-орынға ие болды.

 

Гүл БЕКЗАТ