Үнді ғалымдары коронавирустан қорғайтын ерекше әдісті атады, деп жазады The Sunday Telegraph.
Сарапшылардың пайымынша, көзілдірік киген адамдар вирусты жұқтыра қоймайды. Өйткені, көзілдірік коронавирустың таралуына кедергі келтіреді. Ғалымдар жүргізген сауалнама барысында коронавирус жұқтырған 304 пациенттің 19%-ы көзілдірікті үнемі тағып жүретіні белгілі болды.Көзілдірік киетіндер көзіне қолын апара бермейді, сондықтан ол коронавирустан қорғайтын құрал болып шықты.