Жеңіл атлетикадан Қазақстан рекорды жаңарды
Жеңіл атлетикадан Қазақстан рекорды жаңарды
124
оқылды
Жеңіл атлетикадан Өскеменде өткен Қазақстан чемпионатында жаңа рекорд тіркелді,– деп хабарлайды Olympic.kz Кедергілер арқылы жүгіру бойынша 60 м қашықтықта Давид Ефремов жаңа рекорд авторы атанды. Ол тиісті қашықтықты 7.65 секундта бағындырды. Айта кетерлігі, бұған дейінгі рекорд та Давид Ефремовке тиісті болатын.