Түркістан облысында 7 млн теңгені қолды қылған алаяқ ұсталды

Түркістан облысында 7 млн теңгені қолды қылған алаяқ ұсталды

Түркістан облысында полицейлер тұрғындарды алдаған алаяқты ұстады. Ер адам мемлекеттен субсидия алуға көмектесуге уәде беріп, Келес ауданы тұрғындарынан жеті миллион теңгеге жуық ақшаны жымқырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.  Келес АІІБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын белгісіз ер адамның өзінен көп мөлшерде ақша алып кеткені туралы арызбен жүгінген. Жәбірленушінің сөзіне қарағанда, алаяқ ауыл тұрғынына мемлекеттен өтеусіз субсидия алуға көмектесуді ұсынған, содан кейін алаяқтық жолмен одан 3,5 миллион теңгені алған. Алаяққа қатысты іс РҚ ҚК-нің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу тізіміне тіркелді. Полицейлер күдіктіні тұрғылықты жері бойынша ұстап, полиция бөліміне жеткізді.

"Тергеу нәтижесінде ер адамның субсидия алуға көмек көрсетемін деген сылтаумен жәбірленуші сеніміне кіріп, ақшасын иемденіп, уәдесін орындамай жасырынғаны анықталды. Жәбірленушіге келтірілген залал сомасы шамамен жеті миллион теңге. Осындай жолмен алаяқ тағы үш тұрғынды алдаған", – деп хабарлады Облыстық ПД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.