БҚО-да 200-ден астам киік мүйізі тәркіленді
БҚО-да 200-ден астам киік мүйізі тәркіленді
Батыс Қазақстан облысының шекарашылары жүксалғышына 219 киіктің жаңа кесілген мүйізін алып бара жатқандарды ұстады, – деп хабарлады Қазақпарат. Оқиға 2021 жылдың 20 ақпанында болған. Батыс Қазақстан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі департаментінің әскери қызметшілері БҚО бойынша Экономикалық қылмыстарды тергеу департаменті және облыстық ПД Криминалды полиция басқармасымен бірлесіп, жүксалғышына 219 киіктің жаңа кесілген мүйіздері тиелген жеңіл автокөлікті ұстаған. Ұсталған азамат көліктегі жүгімен бірге Орал қалалық полиция басқармасының Зачаган полиция бөліміне тапсырылды. Алдын ала есеп бойынша келтірілген шығын 17 миллион теңгеден асады. Қазақстан азаматына қатысты қылмыстық іс қозғалды.