Абат Айымбетов "Крылья Советов" командасымен келісімшартқа отырды
Абат Айымбетов "Крылья Советов" командасымен келісімшартқа отырды
127
оқылды
Футболдан Қазақстан құрамасының 25 жастағы шабуылшысы Абат Айымбетов "Крылья Советов" командасымен келісімшартқа отырды. Бұл туралы самаралық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.  Футболшы жаңа командада 9-шы нөмірмен ойнайды. Өткен маусымда форвард "Қайрат" үшін 20 матчта он гол салған. Сонымен бірге, ол 2020/21 маусымындағы Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасы үшін екі гол салған. Самаралық клуб 26 тур қорытындысы бойынша Ресейдің футболдан ұлттық лигасында (елдің екінші дивизионы) екінші, осылайша, РПЛ-ға бірден өте алады. Турнир соңына дейін 16 тур қалды.