Жұмыссыздық 3,9%-ға төмендейді
Жұмыссыздық 3,9%-ға төмендейді
125
оқылды

Қызылордада 3,5 мың сту­­дент қоғамдық көліктерде тегін жүретін болады. Бұл ту­ралы бүгін Қызылорда облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының отырысында айтылды.

Атап өту керек, фракция жиы­нында  халық қалаулылары «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру бойынша дайын­далған Жол картасын талқылады. Алдағы 5 жылға арналған Жол картасы сайлауалды бағдарламаны толық әрі сапалы іске асыру жө­ніндегі қажетті барлық шараны қамтиды. Басым бөлігі әлеуметтік мәселелерді шешуге, сондай-ақ экономика мен өңірдің тұрақты дамуына бағытталған. Халықтың барлық санаты ескерілген. Соның ішінде жастар мәселелеріне де ерекше мән беріліп отыр. Осы орайда, жас мамандардың тұрақты жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру және тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде «Бірінші жұмыс орны» және басқа да жобаларды іске асыру, жастар арасындағы жұмыссыздықты 3,9%-ға дейін төмендету көзделген. Сондай-ақ волонтерлік қыз­метке кемінде 8 мың еріктіні тарту, оларға әдістемелік көмек көрсету, жастар саясаты саласында мем­лекеттік әлеуметтік тапсырыс шең­берінде іс-шаралар өткізуге қаржы бөлу, «Жасыл ел» еңбек жасақтарын ұйымдастыру арқылы кемінде 7 мың жасты, оның ішінде 1 мың адамды жазғы кезеңге жұ­мысқа орналастыру, «Жас кәсіп­кер» және «Бастау бизнес» жобасы бойынша 3 мың жасты жыл сайын оқыту секілді жұмыстар да жос­парға енгізілген. Одан бөлек, аз қамтыл­ған отбасылардан шыққан 3,5 мың студентке қоғамдық көлік­терде жол жүруге жыл сайын әлеу­меттік көмек бөлу және 5 мемле­кеттік колледж студенттерін (Қы­зылорда қаласындағы С.Ысқақов атындағы Құрылыс және бизнес колледжін, М.Ықсанов атындағы политехни­калық колледжін, Қызылорда қа­ла­сындағы «Қызмет көрсету және сервис колледжін», Қармақшы ауданында Аграрлық-техникалық колледжді, Арал ауданында Көп­салалы колледжін) жатақха­на­лармен қамтамасыз ету секілді мәселелер жол картасында қам­тылған. Бұл  жұмыстардың  сапалы жүзеге асуын партия өз жауап­кер­шілігіне алып отыр. Жиында облыстық партия филиалының төрағасы, облыс әкімі  Гүлшара Әбдіқалықова об­лыстың сайлауалды бағдар­ла­масының толық әрі сапалы іске асуына, он­дағы индикаторларға қол жеткізуді мәслихаттағы фрак­ция арқылы қамтамасыз етілуіне және фракция мүшелеріне Жол картасы­ның бар­лық бағытының нәтижелі орын­далуына бақылау жасауды жүктеді.

Әбілмансұр ЖАСАН