36 мың адам тұрғын үй кезегінде тұр
36 мың адам тұрғын үй кезегінде тұр
137
оқылды

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының көптеген тармағы іске асырылып жатыр.

Халықты толғандыратын басты мәселенің бірі – қолжетімді тұрғын үй мен инфрақұрылым мәселелері. Бүгінде Қарағанды облысында тұрғын үй алу үшін кезекте 36 мың адам тұр. Өткен жылы өңір бойын­ша рекордтық 530 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Осы­лайша, 6 500-ге жуық отбасы өзде­рінің тұрғын үй жағдайларын жақсартты. Әлеуметтік тұрғын үйге кезекте тұрған 2 500 азамат өз үйін тапты, 180 пәтерді жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығы­н­сыз қалған балалар алды. Жалпы, әлеуметтік жалға берілетін кредит­тік тұрғын үй беру бір жыл ішінде 40%-ға өсті. Биыл 2020 жылға қара­ғанда 25%-ға артық, яғни шамамен 660 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр, бұл 3 мың­нан астам отбасын, оның ішінде 600 көпбалалы отбасын жалға берілетін және кредиттік тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Облыста мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары тиімді іске асы­рылуда. «Nur Otan» партиясы 2025 жылға қарай облыс бойынша тұр­ғын үймен қамтамасыз етілу көр­сет­кішін бір тұрғынға шаққанда 27,4 шаршы метрге дейін жеткізуді және тұрғын үй кезегін 10%-ға төмендетуді мақсат етіп отыр. Атап айтқанда, 2025 жылға дейін 3,4 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салу және пайдалануға беру (2021 жылы 513,7 мың шаршы метрден 2025 жылы 698,2 мың шар­шы метрге дейін) немесе шамамен 30 мың пәтер; 600 ша­қырым инже­нерлік-коммуни­ка­циялық инфра­құры­лымды салу және тұрғын үй­лерге жеткізу; 124 мың тұрғынды қамти отырып, жыл сайын кемінде 440 көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттері мен шатырларын жөндеу; 2025 жылға дейін шамамен 400 лифтіні қалпына келтіру және ауыстыру секілді жұ­мыстар жос­парға енгізілді. Нәти­же­сінде, об­лыс­тың 30 мыңға жуық отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.

Әбілмансұр ЖАСАН