Жігіттер басым түсті
Жігіттер басым түсті
107
оқылды

Бахрейнде баскетболдан Азия кубогының іріктеу кезеңі өтіп жатыр. Негізгі турнир 16 тамызда басталады. Жарысқа 16 үздік команда қатыспақ. Оған дейін ко­мандалар жолдама орындарын сарапқа салады.

Іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы Шри-Ланканы тағы да ірі есеппен (107-37) ұтты. Бұлай деуімізге себеп – 18 ақпан күні «Дала қасқырлары» Шри-Ланка командасын тізе бүктірген-ді (111:52). Осылайша, ел құрамасы F тобында көш бастап келеді. Бұдан бөлек, топта Палестина мен Йордания бар. Құрама барлығы 5 ойын өткізіп, біреуінде ғана жеңілген. Ұпай саны бойынша да жеке дара көшбасшы. Сарапшылар да Қазақстанның іріктеу турниріндегі ойын мәнеріне оң баға берді.

А.АЙДАРҚЫЗЫ