Тұрғындардың өтініші аяқсыз қалған жоқ
Тұрғындардың өтініші аяқсыз қалған жоқ
137
оқылды

«Nur Otan» партиясының Павлодар облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесіне церебральды сал ауруымен ауыратын Салтанат Меңдібаеваның анасы Зәуреш Жакупова хабарласып, партиялықтардан қызын жұмысқа орналастыру бойынша көмек сұрады.

Бұл мәселе бойынша Жұмыс­пен қамту және әлеуметтік қам­сыздандыру мәселелеріне жетек­шілік ететін облыс әкімінің орынбасары Әлия Арынованың онлайн қабылдауынан кейін Салтанат әлеуметтік қызмет көрсету орталығына әлеуметтік қызметкер болып жұмысқа ор­наласты. Сондай-ақ қоғамдық қабыл­дау бөлмелеріне хабарласқан Железин ауданындағы Береговое ауылының тұрғындары партия мүшелеріне қарды тазалау туралы өтініш айтты. Себебі биыл бұл аймақта жауған қалың қар көлік қозғалысына кедергі келтірген. Аудандық мәслихат депутаты А.Теміршотов осы мәселені ба­қы­лауына алды. Партияда атап өткендей, бұл мәселе үнемі бақы­лауға алынып, ауа райының на­шарлауына байланысты тұрақты түрде шешіліп отыратын болады. Партия мүшелері қиын жағ­дайға тап болған тағы бір отба­сына көмір, азық-түлік және балаларға қажетті заттар сатып алуға көмектесті. Көмек сұрап жүгінгендердің бірі – Әсима Ерәлиева. Оның күйеуі былтыр көлік апатына ұшырап, III топ­тағы мүгедек болып қалған. Ден­саулығына байланысты уақытша жұмыс істей алмайды. Отбасында кәмелетке толмаған екі бала бар, кішісі осы жылдың қаңтар айын­да туған. Партияның Павлодар облыстық филиалының қоғам­дық қабылдау бөлмесі «Халыққа көмек» партиялық жобасы ая­сында отбасына материалдық-тұрмыстық жағдайларды тексеру үшін жедел ден қою тобын жіберді. Нәтижесінде, партия мүшелері осы отбасына 2 тонна көмір, сонымен қатар азық-түлік пен балаларға қажетті  заттар әкелді. Қазір отбасы Аналар кеңе­сінің бақылауында. Нұротандықтар аймақтағы тағы бір тұрғынның мәселесін шешуге көмектесті. Лариса Данильченко Тереңқұдық аудан­дық партия филиалының қо­ғамдық қабылдау бөлмесіне ұлы­ның облыстық балалар ауруха­насында медициналық тексеру­ден өтуге Павлодарға баруына жәрдемдесуін, сондай-ақ мате­риалдық көмек ретінде үйіне көмір түсіріп беруін сұрады. Партиялық топтың төрағасы Гүлнар Ахметжанова өтінішке назар аударып, осы сапарды ұйымдастыруға атсалысты. Со­нымен қатар партия белсенділері Лариса Данильченконың үйіне көмір түсіріп берді.

Әбілмансұр ЖАСАН