Мектеп оқушысы үстел ойынын ойлап тапты
Мектеп оқушысы үстел ойынын ойлап тапты
206
оқылды

Көпшілікке «Қолтырауын», «Монополия» сияқты үстел ойыны жақсы таныс. Осындайда қазақ тіліндегі үстел ойы­ны бар-жоғын іздестіресіз. Орал қаласындағы фи­зика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мек­тебінің 9-сынып оқушысы Айнамкөз Рафихова да ұлттық мазмұндағы үстел ойынын ойлап тапқысы келген. Нәтижесінде,   «Зерек» атты үстел ойынын құрастырған.

«Зерек» үстел ойыны  мақал-мә­телдерді, ертегілер, жаңылт­паштар, ырым-тыйымдар мен тұрақты тіркестерді қамтиды. Яғни, қатысушылардың білім деңгейі сыннан өтеді. Ойынның ережесіне келсек, мұнда қозғалыс тәртібі, уақыт, ойыншы саны мен түрлі бонустар басымдыққа ие. Үстел ойынында барлығы 57 ұяшық бар. Арасында тұзаққа (от пен су) түсуіңіз, бо­нус пен ақылы ұяшықтар көмек­ке келуі мүмкін. Бұл қалай деп таңырқасаңыз,  ойыншы сүйекті лақтырып, ойынды бастайды. Осылайша,  100 сұрақ карта­сы­ның бірін таңдап, оған жауап беруі қажет. Егер тұзақ ұяшық­тарына тап болса, ойыншыны от ұяшығынан Көлтауысар, су ұя­шы­ғынан Желаяқ құтқара алады. Алайда оған қажет кейіпкер түс­песе, ойыншы сол ұяшықта қа­лып қояды. Ал басқа ойыншы­ның кезегі келгенде бонус түрін­дегі қағаз банкноттар арқылы айыппұл төлеп, ойынды әрі қа­рай жалғастыра алады. Айта кетерлігі, тұзақ ұяшықтары үшін айыппұл  – 2 500 теңге. Мәреге кім бұрын жетсе, сол жеңімпаз ата­натыны тағы бар. Ойын сұрақтары «суреттегі мақал-мәтелді жалғастыр/тап», «фразеологизм, ырым-тыйым мағынасын ашу, «жаңылтпашты қайталау», ертегілер мен аңыздар бойынша эрудицияны тексеру, жұмбақтарды шешу сияқты тап­сырмаларға құрылған. Үстел ойынының баланың дамуына қосар үлесі зор. Сон­дықтан Айнамкөз «Зеректі» сынып­тастарымен бірге ойнап көрген. Оған қоса, ойынның қа­ғаз нұсқасын Орал қаласындағы балалар ауылы тәрбие­лену­ші­лері­не таныстырып, сыйлық ретінде табыстаған. Олай дей­тініміз, аталған ойынның элек­тронды нұсқасы да бар. Бола­шақта ол ойынды жан-жақты дамытқысы келеді.

Айбике ЖАНАСЫЛ