Қытай қазақтарының бүгінгі көшпелі ғұмыры (фоторепортаж)
Қытай қазақтарының бүгінгі көшпелі ғұмыры (фоторепортаж)
737
оқылды
Шыңжаңның солтүстігін өзінің атамекені санайтын жергілікті қазақтар әлі күнге дейін ата дәстүріне адал, көшпелі өмір салтына – берік.
[caption id="attachment_83589" align="alignnone" width="815"]көшпелі © Баоге, Гуанчжоу[/caption]
Гуанжоулық документалист фотограф Бао Ге көшпелі қазақ отбасымен бірге мыңжылдық дәстүрге айналған қазақ ауылының көшін суреттеді.
[caption id="attachment_83591" align="alignnone" width="815"]көшпелі ©Баоге, Гуанчжоу[/caption]
Алтай тауларының баурайында ғасырлар бойы қыс қыстауы мен жаз жайлауын кезек-кезек мекен еткен қазақ отбасының маусымдағы кезекті көші Баоны қызықтырмай қоймады.
көшпелі
Баоның әсем фотоларына қан жүгірткен тағы бір жайт Алтынхан мен Баян есімді сұлулардың ауылына қыдырып келуі.
көшпелі
Маусым айының басында ағайындары жаз жайлауға бет алатынын білген қыздар көмек беруге арнайы келген.
көшпелі
көшпелі
Балалықтың балғын шағын есіне алған қос ару бұл мекеннен қалаға оқуға кеткеніне де аттай он жылға жуықтады.
көшпелі
Десе де ірімшік жеп, саумал ішкен балалықтың тәтті кезі естен ешбір кетпеген. Сол ертеден қалған соқпақ пен сүрлеу Алтынхан мен Баянды бүлдіршін шақтарының даңғыл жолына қайта түсіріп жібергендей әсер қалдырды.
06 көш - © Баоге, Гуанчжоу.jpeg
Техникумдағы оқуын аяқтаған қыздар бүгінде Алтайда жұмысын жалғастырып жүр.
06+ көш - © Баоге, Гуанчжоу.jpeg
Қозы, лақтың ойнаған сәтін аңсаған сұлулар үлкен көштің бел ортасынан табылып, ауылдың қым-қуыт тіршілігіне білек сыбана кірісіп кетті.
07 көш - © Баоге, Гуанчжоу.jpegЖиендерінің ауылға келу қуанышына орай үй иесі қой сойып, ет асты.
07+ көш - © Баоге, Гуанчжоу.jpeg
08 көш - © Баоге, Гуанчжоу.jpeg
Ертең ұзақ сапар басталғалы тұр, сондықтан жол азығын бүгін қамдау қажет.
08+ көш - © Баоге, Гуанчжоу.jpeg
09 көш - © Баоге, Гуанчжоу.jpeg
Таң атысымен киіз үйдің шаңырағы түсіріліп, уықтары жинастырылды.   
09+ көш - © Баоге, Гуанчжоу.jpeg
Түйеге жүкті теңеген отбасын алда ұзақ сапар күтіп тұрды.
09++ көш - © Баоге, Гуанчжоу.jpeg
10 көш - © Баоге, Гуанчжоу.jpeg
Біле білсек отар сағатына 4 шақырымды ғана иегере алады. Ал жайлауға дейін тез жету, ол – арман.
10+ көш - © Баоге, Гуанчжоу.jpeg
10++ көш - © Баоге, Гуанчжоу.jpeg
11 көш - © Баоге, Гуанчжоу.jpeg
11+ көш - © Баоге, Гуанчжоу.jpeg
[caption id="attachment_83597" align="alignnone" width="815"]көшпелі ©Баоге, Гуанчжоу[/caption]
– Қазақ – ерекше халық. Әлемде қаны таза, жаны пәк қазақтай ұлт санаулы. Мына жол талай қазаққа бағдар болған – ұрпақ сабақтастығын сақтаған. Уақыт сырғып аққанымен баба мұраты мен дәстүрі берік қалана түскен. Тағдырдың талай тәлкегіне төзген, ащысы мен тәттісін қатар сезген ұлы жол, – дейді қытайлық фотограф Бао Ге.