Синоптиктердің болжамынша ауа райы құбылмалы болады. Солтүстікте қар жауады.
Тек еліміздің оңтүстік-шығысында күн райы ашық болуы ықтимал. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын соғады, жел күшейеді. Қостанай облысында жел 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с жетеді, күндіз екпіні 30 м/с-ден асып кетеді, кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады. Солтүстік Қазақстан облысында жел түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20 жетеді, кей жерлерде күшейіп 23-28 м/с, тіпті 30 м/с асып кетеді, кей жерлерде жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Жамбыл облысының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 жетеді, облыстың оңтүстік-батысында жел күшейіп, 30 м/с-тан асады, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Түнде Ақмола, Қызылордада жел жылдамдығы 15-20 м/с болады, күндіз жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерде жаяу бұрқасын соғуы ықтимал, Ақмола облысында тұман түсіп, Қызылорда облысында көктайғақ болуы мүмкін. Атырау облысында жаяу бұрқасын соғады, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде екпіні 23 м/с жетеді. Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады, Маңғыстау облысында көктайғақ болады, Батыс Қазақстан облысында тұман түседі. Түркістан облысында кей жерлерде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні 23-28 м/с жетеді. Қарағанды облысында кей жерлерде жел 15-20 күшейеді, екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерде жаяу боран соғады. Шығыс Қазақстан облысында тұман түсіп, жаяу боран соғады. Күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, жаяу боран соғуы мүмкін. Алматы облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсіп, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.