Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

«Картаға аудара салудың» қиындайтын түрі бар

«Айқын» ақпарат
Ақпан 23, 2021
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
карта
36
қаралым

«Картамен төлеуге бола ма?» деген сұраққа «Kaspi Gold-қа жібере сал» деген жауапты жиі естиміз. Қанша жерден кә­­­­сіпкердің қолында арнайы аппарат болуы керегін білсек те, талап ете бермейміз. Тіпті, кейде қолма-қол ақша жоғына қы­­сылып, бірден «Gold бар ғой?» дейтін болдық. Әсіресе, такси не шағын дүкендер төлемнің осы түріне үйреніп алған. Шағын кәсіп иелерінің мұндай «бейбіт» заманы жақында аяқталуы мүмкін. Себебі картадан картаға түсетін ауда­­­рым­­дарды мемлекет бақылауына алу туралы ұсыныс жа­­салды. Қабылданған жағдайда, ісін дөңгелетіп, табыс тауып отыр­ғандар салық төлеуге міндеттеледі.

Салық салудағы мақсат қандай?

Мемлекеттік кірістер коми­те­­тінің төрағасы Марат Сұлтан­­­ғазиев сөйлейді. Сөйлегенде бүй деді: «Бүгінде банктердің мобайл сер­­вистері қолма-қол ақшаның орны­­на қолма-қол ақшасыз түріне ауы­суға ықпал етті. Жеке тұлғалар ара­­­­­­­­сындағы аударымдарға ар­­­нал­­­ған сервистерді қазір кәсіп­­­керлік жолда да қолдану кең та­­­­­ралды. Бұл болса, кәсіпкерлердің шын та­­­­бысын жасыруға жол ашады. Бұл ретте тауар, қызмет немесе жұ­­­мысы үшін кәсіпкерлерге түс­­кен ақшалай ау­­­­­­дарымдарды фис­калдау туралы ай­­­тып отырмыз. Жеке тұл­ғалардың жеке ау­дарым­­дарына еш­кім тиіс­пейді. Салық та са­­­­лынбайды».

Жеке тұлғалардың аударым­­­дарында мемлекеттің шаруасы жоқ делік. Әлбетте, солай болуға тиіс. Өйткені банк құпиясы тура­лы заң бар. Соған сәйкес, қазақ­­стан­­­­­дық­тардың есеп­­­­шоттары ту­ралы ақ­парат қорғалған. Оған бас сұғуға тек тергеу жүргізіліп, сот ше­шімі қолда болса ғана рұқсат. Ендеше әу баста карта жеке тұлға үшін ашыл­ған болса, оның кә­­сіпкерлік қыз­мет көрсететінін не көрсет­­­­пей­тінін қалай біледі?  Мемлекеттік кірістер коми­­­тетінің бұл процесті қалай жүзеге асыруды жоспарлап отыр­ғанын айтайық. Қаржы минис­трлігі аталған ау­­­­­­­­­да­­рымдарды бөлу және фискалдау бойынша бірнеше шешім ой­­­лас­­­тырған. Марат Сұл­­­тан­­­ғазиевтің сөзіне сүйенсек, Қа­­зақстанның қар­­жыгерлер қауым­­дастығы және қызы­ғу­шылық та­нытқан мемле­­кеттік орган­дар­мен арада талқылау бо­­­­лыпты. Яғни, ұсынып отырған ше­­­­­шімнің бірі мынадай: кәсіп­керлік қызмет үшін арнайы есеп­­шот ашу. Жүзеге асырылған қыз­­мет пен тауардан түскен табыс топ етіп әлгі шотқа түсіп тұрады. Сол арқылы ау­­дарымдар тексеріліп отырады. «Біз тәуекелдерді басқа­­ру жүйесін жасауды ұсынып отыр­­мыз. Сол арқылы кәсіпкер­­­лікпен айна­лысатынын білдіретін белгі­­­лерді максимал ықтималмен анық­­­­тар едік. Мәселен, үлестес тұл­­­ға­лардан емес, басқалардан белгілі бір уақыт ішінде, күн, апта немесе ай аралығында ақша түсіп тұрған болса. Егер жеке тұлғаның есеп­­шотына әртүрлі көлемде қаражат жиі түсіп тұрса, ол оның кәсіп­­керлікпен айналысатынын білдіруі мүмкін. Міне, сондай тұл­ғалар біз­дің назарға ілінеді», – дейді Сұлтанғазиев.

Астанада 1 наурыздан бастап көлік картасы қымбаттайды

Мобильді қосымша арқылы ақша аударғаны үшін салық қашан ұсталады?

Мобильді ақша аударымы кезінде салынатын салық кімдерге қатысты болатыны белгілі болды

Кәсіпкерлер тұншығып қалмай ма?

Бұл тақырыптың шеті шық­­­­­қаны бүгін ғана емес. 2019 жылы Қаржы министрлігі ұсыныс тас­­­таған. Бірақ сол сәтте қолдау тап­­­пай, керісінше наразылық кү­­­шейіп, күнтізбедегі мәселе қата­­­рынан сызылған болатын. Бүгінде қайта айналып келіп отыр. Мем­­­лекеттік кірістер комитетінің де­­регінше, банктер қазіргі таңда қажетті жүйені ойластыруға кі­­рісіп кеткен. Тағы бір қосып кете­­­тін жайт, шағын бизнес субъек­­­тілері 2023 жылға дейін салықтан бо­­сатылған. Демек, алдағы екі жыл үшін кәсіпкерлер алаңдамаса бо­лады. Сәйкесінше, кәсібін де дөңгелетіп алуға уақыт бар-мыс.

карта

Ел ішінде 2019 жылы да қызу талқыланған тақырыптың бұл жо­лы да қарқыны басылған жоқ. Біз хабарласқан сарапшылар атал­­­­­ған ұсынысқа қарсылық білдіріп жа­тыр. Экономист Мақсат Халық жиі аударым түсіп тұратын «кү­­­­мәнді» адамдарды айқындап, ес­­­кертпе жасаумен шектелген дұрыс дейді. «Осыған дейін де қаржы аударым­дарын бақылау туралы ұсыныс жасалғанда, бұл процеске Пре­­зидент Тоқаевтың өзі арала­­­сып, тоқтатқан болатын. Менің­­ше, әзір­ге кәсіпкерлерге тиісудің кере­гі жоқ. Онлайн аударымдарға салық салуға әлі ерте. Бірақ ай­­­­­­қындау процесін жүзеге асыра бе­­ру­­­­ге болады деп есептеймін. Яғни, кім лимиттен асырып ау­­­дарып, салықтан жалтарып жа­тыр — мұның тізімін жасай беру керек. Сөйтіп, оларға ескертпе хабарландыру жіберудің өзі жетіп жатыр. Соның өзі азаматтардың аударымдарды таза жасауына итермелейді. Неліктен ерте дей­­­­мін? Себебі салық салу арқылы осы процедураның өзін тоқтатып қоюымыз мүмкін. Көп азамат қай­­­тадан қолма-қол ақшаға көшуі де ғажап емес. Оның зияны сол — көлеңкелі экономиканы одан әрі ұлғайтып аламыз. Ресми дерек бойынша, оның көлемі ЖІӨ-нің 30 пайызына тең екен. Мәселен, өткен жылдың қорытындысы бойын­­ша 70 трлн теңгеміз болса, оның 21 трлн теңге көлеңкеде де­ген сөз. Қайта осы банк ауда­рым­дары қаражатты жарыққа шыға­­рып жатыр. Мұндай құралға салық салу арқылы бөгет жасауға бол­­майды. Бұл тақырыпты жұрт жап­пай онлайнға көшкенде ғана қол­­ға алғанымыз жөн», – дейді сарапшы.

Әріптесінің пікірін қаржыгер Мұрат Темірханов та қолдады. Оның айтуынша, мемлекет қол­­­ма-қол ақшасыз аударым жүйесі мен шағын кәсіп иелерін тұншық­­­тырудың орнына, көлемдірек мә­­­­­­­­­селелермен айналысқаны жөн. «Өз басым түбегейлі қарсымын. Қол­­ма-қол ақшасыз аударым­­дарды арттыруымыз керек. Өйт­­кені мұн­­­да ашықтық басым. Қол­ма-қол ақ­­­­­­­шаның зияны бұдан бір­неше есе көп. Ірі бизнес иелері, ЖШС, ЖК-лерге салынатын са­­­­лықты жолға қоюдың орнына, шағын кәсіпке көз салып ақы­­­­­­мақтық жасағалы отыр. Одан қай­­­та салық жеңілдігін реттегендері жөн. Тоқаевтың өзі бір сөзінде «4,5 триллион теңгеден асатын 277 жеңілдік түрі бар» деген еді. Мы­­­салы, металлургияны алып қа­­­райық. Ірі компаниялар, ха­­лық­­­­аралық нарықта жұмыс істейді. Қарап отырсақ, соларға жеңілдік жасалады. Міне, сондықтан бұл идеяға қарсымын», – деп сөзін түйіндеді Темірханов.

Шикіліктің «исі» шығып тұрғандай…

Жангелді Сүлейменов әлеу­­­­­­­­­мет­­­­­тік желідегі парақшасына мо­­­байл аударымдарға салық салудың заң­­­сыз екенін айтып, жазба жа­­­­рия­­ла­­ды. «Түптің түбінде салық біздің қал­­­таға салмақ салуы мүм­­кін. Се­­­бебі кәсіпкерлер салықты жабу үшін бағаны өсіреді. Салық кодек­сінде кәсіпкерлер табысына қа­­­тыс­­­­ты екі түрлі салық қарас­­­­­­ты­­­рыл­­ған: корпоративтік табыс са­­­лығы және жеке табыс салығы. Табысқа салы­­­­натын салықты есеп­­­­теу оп-оңай. ЖК 1 000 теңгеге тауар алып, оны 1200 теңгеге сат­­ты. Тауардың басқа да шығын­­­дарына – 50 теңге, яғни жалға алу, коммуналдық тө­­лем жә­не т.б. Сон­да 1 200-1 000-50=150 тең­ге. Міне, осы сомадан салық ұс­­­та­­лады. Ал жеке табыс салығы жал­­­пыға бірдей, 10 пайыз ұсталады. Сонда 150 теңгеден 10 пайызы – 15 теңге. Бұл енді қазіргі жүйе. Қар­­­жы министрлігінің көз­дегені не? ЖК тауарды сатып, оның ақы­­­сын мо­­байл аударым ар­­қылы ал­­­ды. Ми­нистрлік ау­­­дарым сома­­сына түгел салық сал­­мақшы. Егер 1 пайыз болса, 12 тең­ге. Ал енді 3 не 5 пайыз болса ше? Сонда қо­­­­сарлы салық салу болады. Бірін­­­­шісі – табы­сынан, екіншісі – аударым үшін. Тауар бір-ақ рет сатыл­­­ғанымен, оған салық екі рет са­­­лынды деген сөз», – деп жілік­теп бер­ді заңгер жазба­­сында.

Жадыра АҚҚАЙЫР

 
Тегтер: Kaspi Goldаппаратаударукартасалық
Алдыңғы жаңалық

Оралда аязға байланысты оқушылар мектепке бармайды

Келесі жаңалық

Пневмониямен ауырғандар саны азайғанымен, тағы бір адам қайтыс болды

Ұқсас жаңалықтар

полиция
Жаңалықтар

Алматыда полиция қызметкері 9 қабаттан құлап кетті

Наурыз 2, 2021
Нұркен Өтеуіл
Жаңалықтар

Белгілі актер Нұркен Өтеуіл жаңа қызметке тағайындалды

Наурыз 2, 2021
ескерту
Жаңалықтар

8 өңірде ескерту жарияланды

Наурыз 2, 2021
Түркістан
Жаңалықтар

Түркістандағы жантүршігерлік оқиға: Бес адамның мәйітін әуелі көршілері көріпті

Наурыз 2, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда полиция қызметкері 9 қабаттан құлап кетті

Наурыз 2, 20:30

Белгілі актер Нұркен Өтеуіл жаңа қызметке тағайындалды

Наурыз 2, 20:15

8 өңірде ескерту жарияланды

Наурыз 2, 19:59

Түркістандағы жантүршігерлік оқиға: Бес адамның мәйітін әуелі көршілері көріпті

Наурыз 2, 19:34

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары әлем елдерінде баланы кемсітуге қалай жол берілмейтінін айтты

Наурыз 2, 18:54

Алматылық жігіт Нью-Йоркте қазақ радиосын ашты

Наурыз 2, 18:50

Елбасы Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровпен кездесті

Наурыз 2, 18:34
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

полиция

Алматыда полиция қызметкері 9 қабаттан құлап кетті

Наурыз 2, 2021
Нұркен Өтеуіл

Белгілі актер Нұркен Өтеуіл жаңа қызметке тағайындалды

Наурыз 2, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»