Теміртауда тағы да апат
Теміртауда тағы да апат
174
оқылды

Экология министрлігі 19 ақпан күні Теміртау қаласында болған оқыс оқиғаға байланысты «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-қа жоспардан тыс тексеру жүргізбек. Теміртау қаласында атмосфераны ластаушы заттар шығарындылары рұқсат етіл­ген нормадан асып кеткен.

23 ақпан күні Индустрия және ин­фрақұрылымдық даму минист­рі Бейбіт Атамқұлов «Арселор­Миттал Теміртау» АҚ-қа жұмыс са­па­рымен барып қайтты. Қара­ған­ды облысында ауаға зиянды газ тарататын алып екі кәсіп­орынның бірі «АрселорМиттал Теміртауда» кейінгі жылдары апат жиілеп кетті. «19 ақпанда сағат 16.30-да №2 конвертерді үрлеу кезінде ал­ғаш­қы газ тазалайтын пресс-ск­руб­бер­­дің қабырғаларына жа­бысып қал­ған шаң опырылып құлады. Бал­қыту дереу тоқта­тыл­ды. Осын­дай фак­тілерге қатысты же­дел іс-шаралар қабылданатын бо­лады», – деп ха­барлады ведом­ст­воның баспасөз қызметі. Министр Бейбіт Атамқұлов конвертер цехын аралап көрді. Министр кәсіпорынға жаңа Эко­логиялық кодекс талаптарына сәйкес, зауытқа ауқымды жаң­ғыр­ту жүргізу және технологиялық жаңартуға инвестициялауды ұл­ғайтуды міндеттеді. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Бас директоры Бижу Наир кокс батареяларындағы жөндеу жұмыстарының барысы туралы баяндады. 2021 жылы №3 және 4 кокс батареяларын жөндеуді толығымен аяқтау жоспарлануда. Сонымен қатар алдағы уақытта ЖЭО – бу-ауа стансасын, ЖЭО-2, Көмір департаменті шахта­ларын жаңғырту және көмір мета­нын қайта өңдеу бойынша жобаны іске асыру туралы баян­дады. Министр еліміздегі құрылыс көлемі айтарлықтай қарқынмен өсіп келе жатқандықтан, ішкі на­рықты металл прокатымен кө­бі­рек қамтамасыз ету қажет дегенді айт­­ты. Жаңа жылдан бері комбинатта бірнеше апат болды. 2021 жылғы 13 қаңтарда сағат 21.53-те «Арсе­лорМиттал Теміртау» АҚ Кө­мір департаментіне қарасты Ленин атындағы шахтада апат болып, 137 адам жоғарыға шығарылған бо­латын. Апат салдарынан маши­нист қаза тапты. Бұл шахтада осыдан 15 жыл бұрын метан жарылып, 41 кенші қайтыс болған еді. Қаңтар айында компанияға қарасты аумақта тағы бір апат болған еді. 23 қаңтарда күндіз «АрселорМиттал Теміртау» №11 жылыту пешінің үстінде жалпы ауданы 72 шаршы метр болатын екі жабын плитасы опырылып құлады. Апат демалыс күніне сәйкес келмеуінен құрбандар мен зардап шеккендер болмады. 2019 жылдың қазан айында «АрселорМиттал Теміртау» ком­паниясы шығарындыларды 2023 жылға дейін 30%-ға төмендету туралы Меморандумға қол қойған болатын.  «Жылына 6 миллион тонна өндіру жоспарда болды. Тиісті меморандумдарға қол қойылды. Қазір, өкінішке қарай өткен жыл­дың қорытындысы бойынша бұл үш-төрт миллионды ғана құрап отыр. Оны 4 миллионға жету жос­парда бар. Өткен жылы пан­де­мияға байланысты ком­бинат ин­вестициялар көлемін 70 мил­лиард теңгеге дейін төмен­детті. Биыл инвестицияны 140 мил­лиард теңгеге арттыру көзде­ліп отыр. Өткен жылы сәуір-мамыр айларында өндіріс екі есе азайса, қазір өнімділік жақсар­ғанын көріп отырмыз. Бағалар тұрақты. Ресей мен Қытай нары­ғы өсіп ке­леді. Менің ойымша, олар 5 мил­лионға дейін өсуі ке­рек. Бұл үшін барлық мүмкін­діктер бар. Сондай-ақ оларға сортаментті ұлғайту – автомобиль шикізатын жә­не басқа да көп­теген өнімдер шы­ғару қажет, – дейді облыс әкі­мі Жеңіс Қасым­бек. Өткен жылы «АрселорМиттал Те­міртау» АҚ 3,25 миллион тонна бо­лат және 3,1 миллион тонна шойын балқытты. 2020 жылы шы­ғарылған өнім көлемі: ыстық­тай тапталған прокат – 1,2 млн тон­на, суықтай тапталған прокат – 646 мың тонна, мырышталған про-кат – 489 мың тонна, сорттық прокат – 373 мың тонна, поли­мер­мен қапталған прокат – 117 мың тонна, құбырлар – 47 мың, бұрыштар мен профильдер – 3,7 мың тонна, ақ қаңылтыр – 58 мың тонна.

Ләззат ҚОЖАХМЕТ, Қарағанды облысы