Көкшетауда жүздеген адам үйінді астында қалуы мүмкін
Көкшетауда жүздеген адам үйінді астында қалуы мүмкін

90 пәтерлі тұрғын үй осыдан 30 жыл бұрын апатты деп танылыпты.

Көкшетауда жүздеген адам бір сәтте үйінді астында қалуы мүмкін. Өйткені, олар тұрып жатқан үйдің астынан алып шұңқыр пайда болған, – деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Нысанды апатты деп таныған жергілікті билік 90 отбасыға көшіңдер деп отыр.Тұрғындар болса баспанамыздан айырылып қаламыз ба деп отыр. Өйткені, оның орнына жалдамалы пәтерлер бермек. Ал заң бойынша, мұндай пәтерді жекешелендіруге, сатуға немесе мұрагерліккке қалдыруға болмайды.

Жергілікті әкімшілік үйдің жағдайын жеті жыл бұрын тағы бір таразылап, нәтижесінде, тұруға жарамды деген байлам жасаған. Бірақ, міндетті түрде күрделі жөндеу жүргізу керек деген талап қойылыпты. Сөйтіп, оны көпқабатты тұрғын үйлерді жаңғырту бағдарламасы аясында жаңартуды жоспарлапты. Алайда үй қожайындары бұл ұсыныстан бас тартқан. Себебі, оған төлейтін шығынды қалталары көтермеген.

Тұрғындар берілетін үйдің шаршы метрін қазірден бастап нақтылауды талап етуде. Шенеуніктер болса, жұрттан мәселенің байыбына бармай жатып байбалам салмауды өтунуде. Себебі, дәл қазір тұрғындарды көшіретін бос үй жоқ. 

https://youtu.be/HdmijkI6zhw