Хиджаб кимегені үшін төрешінің басы дауға қалды
Хиджаб кимегені үшін төрешінің басы дауға қалды
100
оқылды

32 жастағы Шохре Баят Әлем чемпионатында алғаш рет бас төреші қызметін атқарды.

Шанхайда өткен шахмат турнирінде халықаралық дәрежедегі төреші Шохре Баяттың хиджабсыз суретке түскені Иран БАҚ-да үлкен талқыға түскен, – деп жазады Би-би-си.

Шохре Баят қазір қауіпсіздігі үшін қорқатынын айтады. Егер ол Иранға оралса, онда ол әйелдердің киім үлгісін бұзғаны үшін ұсталуы мүмкін.

«Мен ұялы телефонымды қосып қарадым, бұл фотосурет барлық жерде [ирандық ақпарат құралдарында] көрінді. Олар мені «хиджаб киген жоқ және бұл хиджаб киюге қарсы наразылық» деп айыптап жатыр дейді Шахре Баят.

Дегенмен ол ирандық әйелдерді хиджаб киюге мәжбүрлейтін ережеге келіспейді. «Әйелдің таңдау құқығы болуы керек. Бұл [талап] менің көзқарасыма қайшы келеді. Адамдар өз қалауы бойынша киінуге құқылы, белгілі бір түрде киінуге мәжбүр болмауы керек», – деп түсіндіреді ол.

Би-би-си халықаралық шахмат федерациясы (ФИДЕ) бұл жағдайға түсінік берген жоқ, өйткені Шохре Баяттың «заңсыз әрекеті» федерация ережелеріне ешқандай қатысы жоқ, – деп жазады.

Дегенмен, қазіргі уақытта ФИДЕ вице-президенті лауазымын иеленген ағылшын шахматшысы, гроссмейстер Найджел Шорт Шохре Баяттың фотосын жариялап, оны әйелдер арасындағы әлем чемпионатында төреші ретіндегі тамаша жұмысы үшін мақтады.

«Шохре Баят – бұл Ирандағы спорт федерациясының бас хатшысы лауазымындағы алғашқы әйел. Ол Азиядағы жалғыз әйел – А санатының халықаралық арбитрі. Ол өз елінің өкілінің рөлін тамаша ойнайды», – деп жазған Twitte-де Найджел Шорт.

Иран2.jpg