Астанада 1 наурыздан бастап көлік картасы қымбаттайды
Астанада 1 наурыздан бастап көлік картасы қымбаттайды
157
оқылды

Қала әкімдігінің мәліметінше, жеңілдігі бар карталарды алғаш рет алатындар үшін баға 500 теңге қалпында қалады.

«Валюта бағамы мен жеткізушілерден сатып алу бағасының көтерілуіне, көлік карталарын жасауға арналған операциялық және күрделі шығындардың өсуіне байланысты осындай шешім қабылданды. Атап айтқанда, орнатылған NXP чипі бар Mifare Plus EV1 стандартындағы байланыссыз микропроцессорлық смарт-карталардың бағасы артты. Сондай-ақ аппараттық-бағдарламалық кешенге қызмет көрсетудің құны жоғарылады. Сондықтан шығын көбейгендіктен көлік картасының 1000 теңге болады», – дейді шенеуніктер.

Биыл астанада жеңілдігі бар және мектеп оқушыларына арналған 8 416 көлік картасы сатып алынды. Күніне 489 мың жолаушы ары-бері автобуспен қатынайды.

Олардың ішінде орта есеппен күніне 40 мың оқушы валидация жасайды. Ал жеңілдігі бар көлік карталары бойынша валидация саны – 85 мың.