Байлар кедейлерге көмектеспесе, коронавирус тоқтамайды – Тедрос Гебрейесус
Байлар кедейлерге көмектеспесе, коронавирус тоқтамайды – Тедрос Гебрейесус
177
оқылды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесустың айтуынша, халықты коронавирусқа қарсы вакциналау жаппай жүргізілсе ғана ауруды тоқтатуға септігі тиеді. Бұл туралы 24.kz жазды.

Егер халықты егу кейінге шегерілсе, жаңа штамдар пайда болып, вакцинаның тиімділігі төмендейді. Ал кедей елдерде екпенің жетіспеуі дамыған мемлекеттердегі жағдайды нашарлатуы мүмкін.

«Сондықтан бай елдер өз азаматтарын COVID-19-дан қорғау үшін кедей елдердегі вакциналауға атсалысуы керек. Екпе салу кедей елдерде де жаппай жүргізілмесе, оның жалпы әсері немесе тиімділігі төмен болуы мүмкін. Сондықтан дамыған елдер «Ковакс» бойынша келісімді орындаса ғана біз табысы аз елдерді қажетті мөлшерде вакцинамен қамтамасыз ете аламыз. Бұл – өте маңызды мәселе», – дейді Тедрос Гебрейесус.