Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Ішкі істер министрі Калашниковті медальмен марапаттады

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев бойжеткенді зорламақ болған қаскөйден құтқарған Ұлттық ұлан жауынгері қатардағы Артем Калашниковті «Қоғамдық тәртіпті сақтауға қосқан үлесі үшін» медалімен марапаттады.

Нұрбек БАҚЫТ
Ақпан 23, 2021
Жаңалықтар, Әлеумет
Ішкі істер министрі, Ерлан Тұрғымбаев, Артем Калашников, Ұлттық Ұлан

Фото: Ұлттық Ұланның баспасөз қызметінен алынды

22
қаралым

Министрлік атынан марапатты әскери қызметшіге Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Талапкер Әмриев табыс етті.

Қайсарлық танытқан Артемға алғысын білдіріп, жауынгердің жедел әрі батыл әрекеттерінің арқасында жас қыздың ары, тіпті, өмірі құтқарылғанын алға тартты.

– Артемнің батыл әрекеті әр қазақстандыққа, әсіресе оның қызметтестеріне үлгі болып табылады. Жауынгер еңбек демалысында жүргеніне қарамастан бір сәтке де азаматтық әрі кәсіби парызы туралы ұмытқан жоқ. Өкінішке қарай, Ұлттық ұлан жауынгерлері қызмет барысында мұндай оқиғалармен жиі қақтығысады. Өз өміріне төнген қауіпке қарамастан жауынгерлер мүдірмей, азаматтарды құтқарады. Бұл – олардың қызметтік парызы, әскери антқа деген адалдықтың белгісі, – деді Талапкер Қыдырұлы.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің басшылығы да Артемнің ерлігін елеп, оны грамотамен марапаттады.

Оқиға ақпанның 13-і күні сағат 00.40-тар шамасында Шымкент қаласында орын алған болатын. Үйіне келе жатқан Артем қатты айқайлап көмекке шақырған әйел адамның дауысын естіп, ойланбастан сол жаққа қарай ұмтылады.

Түркістандағы жантүршігерлік оқиға: Облыс әкімі көңіл айтып, жағдайды бақылауға алды

Шымкентте жаңадан газ қосқан үй жарылып, бір отбасы далада қалды

Шымкенттің даму көрсеткіші жоғары

Еңгезердей екі ер адамның жас қызға күш көрсетіп, зорлауға әрекет жасап жатқанын байқаған жауынгер бірден олармен арпалыса кетеді. Бұзақылардың біреуін шетке лақтырып тастап, екіншісімен төбелесе жөнеледі. Жекпе-жек ұрыс тәсілдерін қолдана отырып, біреуін жерге құлатып, үстінен басып отырады, ал екіншісі сол мезетте оқиға орнынан қашып үлгереді.

Ұсталған азаматты оқиға орнынан полиция қызметкерлері алып кетіп, Шымкент қаласының Еңбекші аудандық полиция басқармасына жеткізді. Күдіктілерлі ұстау кезінде ұландық қолын жарақаттап алады. Кейін белгілі болғандай, Артем қолын сындырып алған екен. Бірақ соған қарамастан, жауынгер полиция қызметкерлері келгенше бұзақыны жібермеген.

Қазіргі таңда бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалды. Екінші күдікті ақпанның 21-і күні жедел-іздестіру шаралары кезінде ұсталып, өз кінәсін мойындап үлгерді.

Қатардағы Артем Калашников – Ұлттық ұланның әскери бөлімдері қамқорлық жасайтын «Жас бүркіт» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушісі. Қазақстан инженерлік-педагогикалық университетін тәмамдаған. 2017 жылы Отан алдындағы әскери борышын өтеп, кейін Ұлттық ұлан қатарына келісімшарт бойынша қызметке орналасқан. Бүгінгі таңда Шымкенттегі 6506 әскери бөлімінде әскери жасақ бастығы лауазымында қызмет етіп, қала көшелерінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп келеді.

Жауынгер өзінің бойжеткенге жасаған көмегін ерлік деп санамай, бұл оның қазіргі қызметтегі тікелей міндеті екенін алға тартып отыр.

 
Тегтер: Артем КалашниковЕрлан ТұрғымбаевІшкі істер министріҰлттық ұланШымкент
Алдыңғы жаңалық

Сағынтаев тұрғындардың талабын ескеріп, жатақхана құрылысын тоқтатты

Келесі жаңалық

Бейбіт күнде бес періште көкке ұшты

Ұқсас жаңалықтар

Алматы
Жаңалықтар

Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысып, бес адам зардап шекті

Ақпан 27, 2021
Түркістан
Жаңалықтар

Түркістандағы жантүршігерлік оқиға: Облыс әкімі көңіл айтып, жағдайды бақылауға алды

Ақпан 27, 2021
Айдос Ербосынұлы
Жаңалықтар

Айдос Ербосынұлы келесі жекпе-жекте IBF чемпионымен кездеседі

Ақпан 27, 2021
Павлодар
Жаңалықтар

Павлодар облысында халық саны азайған

Ақпан 27, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысып, бес адам зардап шекті

Ақпан 27, 23:55

Түркістандағы жантүршігерлік оқиға: Облыс әкімі көңіл айтып, жағдайды бақылауға алды

Ақпан 27, 23:07

Айдос Ербосынұлы келесі жекпе-жекте IBF чемпионымен кездеседі

Ақпан 27, 22:43

Павлодар облысында халық саны азайған

Ақпан 27, 22:14

Түркістанда жекеменшік үйде төрт бала мен бір ересек адамның денесі табылды

Ақпан 27, 21:33

Петропавлда анасы ұрып-соққан қыз көз жұмды

Ақпан 27, 21:10

Жаңартылған энергия көзі: электр энергиясы неге жыл сайын қымбаттайды?

Ақпан 27, 20:40
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Алматы

Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысып, бес адам зардап шекті

Ақпан 27, 2021
Түркістан

Түркістандағы жантүршігерлік оқиға: Облыс әкімі көңіл айтып, жағдайды бақылауға алды

Ақпан 27, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»