Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Саясат

«Астанадағы ЕҚЫҰ-2010 саммитінің тарихи мәні мен өзектілігі» халықаралық онлайн-конференциясы өтті

А.Ахметқазы
Ақпан 23, 2021
Саясат, Жаңалықтар, Қазақстан
ЕҚЫҰ-2010
136
қаралым

Нұр-Сұлтан қаласында «Астанадағы ЕҚЫҰ-2010 саммитінің тарихи мәні мен өзектілігі» халықаралық онлайн-конференциясы өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы мен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кеңсесінің қолдауымен ұйымдастырылды.

2010 жылы  Қазақстан – Орталық Азияның бірінші өкілі, посткеңестік кеңістіктегі елдер арасындағы алғашқы мемлекет  және еуропалық құрылымға төрағалық еткен алғашқы мұсылман елі болғаны белгілі. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуінің бастамашысы және идеологы болды.

Халықаралық конференция қатысушыларына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың атынан құттықтау сөзін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті–Елбасының кеңесшісі – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Кеңсесі Ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Әділ Тұрсынов оқып берді.

«Астана қаласында 2010 жылы желтоқсанда өткен Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымымының 10 жылдығына арналған халықаралық конференцияның қатысушыларына ыстық ықыласымды білдіремін. Аталған жоғарғы деңгейдегі кездесу Еуропа, Орталық Азия және Солтүстік Америкадағы 57 мемлекетті біріктіретін ірі әрі маңызды трансконтиненталды  ұйым – ЕҚЫҰ-дағы Қазақстан Республикасы төрағалығының аса айтулы оқиғасының бірі болды. Өздеріңіз білетіндей, Ұлы дала елі посткеңістікте ЕҚЫҰ-ны басқару мәртебесіне ие болған алғашқы мемлекет. Бұл мансапқа өтінім беруді ілгерілету ісімен тікелей өзім айналысқан мен ең алдымен ұйымның рөліне байыпты талдау жүргізіп, оның болашағын сомдау үшін біздің елдің халықаралық аренадағы жауапты әрі бейбітсүйгіш саясаты арқылы «ортақ жанұяны» ұйыстыра алатын қабілетін ескердім…Әділетті де орнықты әлемді, сондай-ақ Атлант мұхитынан Тынық мұхитына, Солтүстік мұзды мұхиттан Үнді мұхитына дейінгі «төрт мұхит» кеңістігіндегі стратегиялық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қалыптастыру ісінде Қазақстанның төрағалығымен ЕҚЫҰ-ның Астана саммитінің мұрасы өзектілігін жоғалтпайтынына сенімдімін», – деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Үндеуінде.

Нұр-Сұлтанда екі көшеде көлік қозғалысы тоқтатылады

COVID-19: екі қала мен үш облыс «сары аймақта» тұр

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны үйдің кіреберісінде тұрған велосипедті ұрлап кеткен

ЕҚЫҰ-2010

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді өз сөзінде Қазақстан мен ЕҚЫҰ-ның өзара іс-қимылының диалог пен әлемді ілгерілету бойынша басты басымдықтарын атап өтіп, біздің елдің 2020 жылы АӨСШК-ке төрағалық еткенін еске салды.

«Біз ЕҚЫҰ мен АӨСШК арасында тәжірибелік ынтымақтастықты орнату үшін жәрдемдесуге дайынбыз, өйткені бұл екі алаң Еуразияның негізгі мәселелерін шешуде бірдей мақсаттар қойып, ұқсас тәсілдерге сүйенеді. Осыған байланысты әріптестерімізді АӨСШК пен ЕҚЫҰ диалогының, сондай-ақ АӨСШК-ні Азиядағы қауіпсіздік және даму ұйымына ауыстыру идеясын қолдауға шақырамыз. Астана саммитінің негізгі тақырыптары – Еуроатлантикалық және Еуразиялық кеңістіктегі диалог пен тұрақты қауіпсіздік мәселелері, Ауғанстан мәселесі, «қатып қалған» қақтығыстарды шешу бүгінгі күнге дейін өзекті», – деді М.Тілеуберді.

Конференцияның модераторы және баяндамашысы болған Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат ел тәуелсіздігінің мерейтойлық 30 жылдығында Қазақстан басқару мен  күнделікті өмірде демократиялық практикаларды  дамыту бойынша өз жолын жалғастырып келе жатқанын сенімді түрде мәлімдей алатынымызды атап өтті. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің басқаруы кезінде саяси жүйені жаңғырту саясатын саналы және мақсатты түрде жүргізді.

«Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев қазақстандық демократияны одан әрі дамытуға бағытталған жаңа саяси реформалардың үш ірі пакетіне бастамашылық етті. Қазірдің өзінде Мемлекет басшысының бірқатар бастамалары заң деңгейінде бекітіліп, практикада қолданысқа енді. Бұл біздің осыдан оншақты жыл бұрын таңдаған демократиялы жолымызды Қазақстан басшылығының жаңа легі ізін бұзбай, жалғастырып келеді дегенді білдіреді. Әрине, алда  әлі де көп жұмыс күтіп тұр, бірақ біздің ЕҚЫҰ-мен байланысымыз бұрынғыдай Қазақстанның дамуына ғана емес, ЕҚЫҰ-ның өзіне де, сондай-ақ Еуразиялық кеңістіктегі қауіпсіздікті нығайтуға да оң ықпал ететініне сенімдімін», – деп атап өтті Б.Темірболат.

Кездесу қатысушыларына арнайы дайындалған қысқаметражды бейнефильм көрсетілді. Онда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев және жетекші саяси көшбасшылар ЕҚЫҰ саммитін өткізуге дайындық барысы және сол жылдардағы ресми хрониканың кадрларынан тыс қалған ұйымға қатысушы елдер арасындағы күрделі дипломатиялық келіссөздер туралы естеліктерімен бөлісті.

Конференция барысында ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы, Швеция Корольдігінің Сыртқы істер министрі Анн Линде мен ЕҚЫҰ-ның Бас хатшысы Хельга Шмидтің бейне үндеулері ұсынылды. Сонымен қатар ЕҚЫҰ төрағасы (2010 ж.) Қанат Саудабаевтың, Халықаралық қылмыстық соттың судьясы, ЕҚЫҰ-ның экс бас хатшысы болған (2005-2011) Марк Перрен де Бришамбоның, Қазақстанның белгілі қоғамдық-саяси қайраткері Қуаныш Сұлтановтың, ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары Қайрат Әбдірахмановтың, ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының Бас хатшысы Роберто Монтелланың, ЕҚЫҰ Адам саудасына қарсы күрес жөніндегі арнайы өкілі мен үйлестірушісі (2014-2018 жж.) Мәдина Жарбосынованың, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаровтың, ЕҚЫҰ бағдарламалары кеңсесінің басшысы Дьердь Сабоның  және т.б. баяндамалары тыңдалды.

Конференция соңында қатысушылар ЕҚЫҰ мен оның құрылымдары  күн тәртібі бойынша дәстүрлі диалогты ілгерілете отырып, Ұйымға қатысушы елдер тап болып отырған жаңа қатерлер мен қарсы іс-қимылға белсенді жұмылуға назар аудару керек деген пікірге келді.

 
Тегтер: АстанаЕҚЫҰ-2010Елбасы кітапханасыНұр-Сұлтан
Алдыңғы жаңалық

Бейбіт күнде бес періште көкке ұшты

Келесі жаңалық

Түркіге ортақ телеарна

Ұқсас жаңалықтар

Ақтау
Қазақстан

Ақтауда тіс емханасына белгісіз біреу пышақпен баса көктеп кірген

Наурыз 6, 2021
азамат
Қазақстан

Полицейлер 29 жылдан бері елге қайта алмай жүрген азаматқа қол ұшын созды

Наурыз 6, 2021
Grand Slam
Жаңалықтар

Жансай Смағұлов Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды

Наурыз 6, 2021
Павлодар
Қазақстан

Павлодар облысында жолда қалып қойған адамдар құтқарылды

Наурыз 6, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтауда тіс емханасына белгісіз біреу пышақпен баса көктеп кірген

Наурыз 6, 22:02

Полицейлер 29 жылдан бері елге қайта алмай жүрген азаматқа қол ұшын созды

Наурыз 6, 21:37

Жансай Смағұлов Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды

Наурыз 6, 20:57

Павлодар облысында жолда қалып қойған адамдар құтқарылды

Наурыз 6, 20:26

Нұр-Сұлтанда екі көшеде көлік қозғалысы тоқтатылады

Наурыз 6, 19:52

«Тобыл» Қазақстан суперкубогының жеңімпазы атанды

Наурыз 6, 19:16

Көліктегі арыстан: Экология министрлігі жауап берді

Наурыз 6, 18:36
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Ақтау

Ақтауда тіс емханасына белгісіз біреу пышақпен баса көктеп кірген

Наурыз 6, 2021
азамат

Полицейлер 29 жылдан бері елге қайта алмай жүрген азаматқа қол ұшын созды

Наурыз 6, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»