Түркия мен Мысырдан келгендерден коронавирус анықталды
Түркия мен Мысырдан келгендерден коронавирус анықталды
98
оқылды

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, Швейцария, Мальдив Республикасы, БАӘ, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 18 халықаралық әуе рейсі келді.

1 727 жолаушының 1 499-ында анықтама бар. Анықтамасыз 228 адам келді. Алматыға 1 040 жолаушы, Нұр-Сұлтанға – 494 жолаушы, Ақтауға – 184 жолаушы, Шымкентке 9 жолаушы келген. Ал анықтамасыз келген азаматтар COVID-19-ға ПТР тест тапсырды.

21 ақпанда шетелден анықтамасыз келген 202 жолаушының төртеуінен коронавирус анықталды. Біреуі Ыстамбұлдан Алматыға, үш жолаушы Шарм-эль-Шейхтен Нұр-Сұлтанға келген.