Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстан 30 жылда бәсекеге қабілетті елдермен терезесін теңестірді – Бауыржан Ысқақов

Еліміздің ЖІӨ-сі осы 30 жыл ішінде 25-26 есе артқан.

Рая Мінап
Ақпан 23, 2021
Жаңалықтар, Қазақстан, Қазақстан Тәуелсіздігіне - 30 жыл
Қазақстан 30 жылда бәсекеге қабілетті елдермен терезесін теңестірді – Бауыржан Ысқақов
50
қаралым

Қазақстанда телерадио хабарларын тарату уақытша тоқтатылады

Қазақстан мен Қырғызстан Президенттері журналистер үшін бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді

Азат елдің нышаны

Экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Бауыржан Ысқақов Қазақстан 30 жылда еңсесін тіктеп, дербес мемлекет екендігін әлемге паш етіп, бәсекеге қабілетті елдермен терезесін теңестірген мемлекетке айналғанын айтты.

«1991 жылы Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін экономика және саяси реформалар бағытын ұстанып, нарықтық қатынастарға  көшті. 70 жыл бойы коммунистік партияның құрамында социалистік ел ретінде қалыптассақ, біз бұрынғы кеңестік жүйеден шығып, бағытымызды 180 градусқа өзгерттік. 90 жылдардың басында нарықтық қатынастағы мемлекеттер қатарына кіруді жоспарладық, нәтижесінде елімізде шығарылған заңның барлығы осы нарықтық қасынастар заңдылығына сәйкес жүзеге асырылды.Өзімізде ішкі ресурстардың болмауынан тұралап, дамымай қалған экономиканы алға алып шығатын инвестиция керек болды. Ол инвестицияның бәрі сыртқы мемлекеттерде болды. Сондықтан біз мемлекеттік, халықаралық дәрежемізді, бәсекеге қабілеттілігімізді көрсету үшін түрлі халықаралық ұйымдарға мүше болдық. 1992 жылы 2 наурызда БҰҰ мүшесі атануымыздың өзі басқа мемлекеттердің біздің экономикамызға инвестиция салуына мүмкіндік берді.

Экономикада даму, өрлеу, құлдырау және тоқтау процесі болады.Экономикамыз нарықтық қатынастарға негізделген болғандықтан, жекешелендіру мәселесін қолға алдық. Мемлекеттің меншігіндегі бүкіл баланс – кәсіпорын, техника,  мал-мүлік нарықтың заңына сәйкес жұмыс істесін деп халыққа таратылып берді. Әрине, кемшін тұстары болды. Халық бұған дайын болмады. Нарықтың заңдылықтарын білмеді, қолындағы мүлікті тиімді пайдаланып, көбейту жолдарын білмеді. Сондықтан сол кезде бізде мал шаруашылығы қатты құлдырап кетті.

Бірақ қазіргі таңда бізде кеткен кемшіліктен гөрі жеткен жетістіктер көп. Бізде ұлттық қор деген дүние пайда болды. Болашағымыздың кепілі ретінде мұнайдан, газдан түскен қаражаттың 10%-ы осы қорға аударылып отырады. Бұндай қор әлемнің 4-5 мемлекетінде ғана қалыптасқан. Бұл кез келген уақытта дағдарыс болған жағдайда экономиканы құтқаратын қаражат. Осы ұлттық қорды жақсы қалыптастыра алдық. Еліміздің ЖІӨ-сі осы 30 жыл ішінде 25-26 есе артқан.1992 жылы ЖІӨ үлесі 700 доллардан аз болса, 2019-2020 жылдары 18-19 мың долларға дейін жетті. Осы көрсеткіш бойынша біз Орталық және Шығыс Еуропа елдерімен теңесе бастадық.

Халықтың әл-ауқатының артуы экономиканың дамуымен тығыз байланысты. Орташа жалақы, жәрдемақы, зейнетақының өсуіне, жұмыс орындарын көбейтуге бағытталған жұмыстар көп жүргізілді. Қазақстандық өнімді шығаратын кәсіпорындар ашуға басымдық берілді. Өзіміздің құрылыс компанияларымыз ашылды. Халықтың әл-ауқатынын артуы бірқалыпқа түсті. Халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтуы, шағын және орта бизнестің жұмыспен қамту үлесі біртіндеп артты. Бұл да экономикалық тұрғыдан тиімді. Мәселен, кейінгі жылдары дәрігерлер мен мұғалімдердің жалақысын 25-30%-дан біртіндеп 100% өсіру жұмысы қолға алынды. Бұл да тәуелсіздіктің арқасы», – дейді экономист.

 
Тегтер: 30 жылҚазақстантәуелсіздікэкономика
Алдыңғы жаңалық

Тәуелсіздікке 30 жыл: Қазақстанда қандай шаралар атқарылады?

Келесі жаңалық

Қаза тапқан бес баланың туыстары бүкіл елге үндеу жасады

Ұқсас жаңалықтар

Астана
Жаңалықтар

Ненад Эрич «Астана» сапынан кетті

Наурыз 2, 2021
жатақхана
Жаңалықтар

Жатақханадағы жарылыстан зардап шеккен қыз қайтыс болды

Наурыз 2, 2021
Головкин
Жаңалықтар

Головкин IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын екінші рет қорғайды

Наурыз 2, 2021
полиция
Жаңалықтар

Алматыда полиция қызметкері 9 қабаттан құлап кетті

Наурыз 2, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ненад Эрич «Астана» сапынан кетті

Наурыз 2, 22:23

Жатақханадағы жарылыстан зардап шеккен қыз қайтыс болды

Наурыз 2, 21:49

Головкин IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын екінші рет қорғайды

Наурыз 2, 21:19

Алматыда полиция қызметкері 9 қабаттан құлап кетті

Наурыз 2, 20:30

Белгілі актер Нұркен Өтеуіл жаңа қызметке тағайындалды

Наурыз 2, 20:15

8 өңірде ескерту жарияланды

Наурыз 2, 19:59

Түркістандағы жантүршігерлік оқиға: Бес адамның мәйітін әуелі көршілері көріпті

Наурыз 2, 19:34
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Астана

Ненад Эрич «Астана» сапынан кетті

Наурыз 2, 2021
жатақхана

Жатақханадағы жарылыстан зардап шеккен қыз қайтыс болды

Наурыз 2, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»