Екібастұзда ер адамды жұрттың көзінше атып кетті
Екібастұзда ер адамды жұрттың көзінше атып кетті
107
оқылды
Ер адам оқиға орнында қайтыс болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«23 ақпанда Екібастұзда Сәтбаев көшесіндегі үйдің ауласында белгісіз біреу ер адамға оқ атты. Ер адам алған жарақаты салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөліміне сәйкес сот алдындағы тергеу амалдары басталды. Қылмыскер іздестіріліп жатыр», – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, басқа ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды.