Қытайдан келген жолаушылар коронавирустық инфекцияға байланысты жіті тексерілуде
Қытайдан келген жолаушылар коронавирустық инфекцияға байланысты жіті тексерілуде
5,100
оқылды

Қытайда тіркелген коронавирустық инфекцияға байланысты Қазақстанның шекаралық және кедендік қызметі бақылауды күшейтті, – деп жазады 24.kz.

Бас санитарлық дәрігердің тапсырмасымен жолаушыларға арнайы жадынамалар таратылып, аурудың алдын алу шаралары жүріп жатыр.

А типті пневмония ауруы Қытайдың Ухань қаласында өткен жылдың соңында тіркелген. Ал біздің елдегі қоғамдық денсаулық сақтау қызметкерлерінің сөзінше, бұрын-соңды болмаған вирустың белгілері қарапайым тұмауға ұқсайды. ҚР ҚДСО жұқпалы аурулардың алдын алу департаментінің директоры Жұмабек Бекеновтың айтуынша, қауіпті дерт бұрын адамда кездеспеген.

– Бұл ауру бұрын адамдарда тіркелмеген коронавирус. Бұны бөліп алып, лабораторияларда зерттеп жатыр. Бұл аурудың клиникалық көрінісі жалпы респираторлық синдром ауруларымен бірдей. Жеңіл ғана түшкіру жөтелуден басталады. Әрмен қарай дене қызуының көтерілуі, ауыр демалу, пневмония өте ауыр жағдайларда өлімге әкеледі, – деді ол.

Дереккөздің жазуынша, жалпы жыл басынан бері Қытайдан Қазақстанға 10 мыңға жуық жолаушы келген.

ҚР ДСМ Көліктегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаментінің бөлім басшысы Дария Әзімбаева: «Қазіргі таңда Қытай Халық Республикасынан 28 әуе рейсі келеді. Оның 18-і Алматы қаласына, 10 рейс Нұр-Сұлтан қаласына келеді. Халықаралық рейстерге шығатын экипаж мүшелеріне жадынамалар таратылды. Барлығын осы аурудың алдын алу жолдарын және осы ауру анықталған кезде жүргізілетін алгоритмдермен таныстырдық», – деді.

Дерекөздің хабарлауынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясы тіркелмеген.