Еліміздің басым бөлігінде бұрқасын болады
Еліміздің басым бөлігінде бұрқасын болады
97
оқылды
«Қазгидромет» РМК 24 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. 23-24 ақпан күндері Батыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с дейін жетеді. Орал қаласында 24 ақпанда жаяу бұрқасын болады. Солтүстіктен жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Сол күндері Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан жел соғып, кей жерлерде екпіні 15-20, күндіз - 23 м/с дейін жетеді.24 ақпан күні Ақтөбе қаласында жаяу бұрқасын болады, солтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 16 метрге жетеді. 23-24 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғып, күші 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с дейін жетуі ықтимал. Қызылорда қаласында 24 ақпанда түнде бұрқасын болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғып, күші 15-20 м/с болады. 23-24 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын, күндіз кей жерлерде көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с дейін жетеді. Өскемен қаласында 24 ақпанда күндіз көктайғақ болып, жел оңтүстік-шығыстан соғып, екпіні15-18 м/с болады. Семей қаласында 24 ақпан күні түнде жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ болады, жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-18 м/с жетуі ықтимал. 24 ақпан Атырау облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан жел соғып, түнде кей жерлерде жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Атырау қаласында 24 ақпан күні күндіз жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.