Bek Air ұшағы құлаған үй заңсыз салынған – әкімдіктің жауабы
Bek Air ұшағы құлаған үй заңсыз салынған – әкімдіктің жауабы
5,103
оқылды

Bek Air әуекомпаниясының ұшағы құлаған үй заңсыз салынған. Бұл туралы Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің өкілдері айтты, - деп хабарлайды «Бірінші Еуразия арнасына» сілтеме жасаған Tengrinews.kz.

Шенеуніктердің айтуынша, ол үй заңсыз салынған және ол жер учаскесі егістікке арналған.

Жер кодексі бойынша, бұл аумақта үй салуға болмайды дейді әкімдіктегілер. «Талғар ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімінің қызметкерлері бұл аумақта ғимарат салу туралы тапсырма бермеген. Эскиз жобасы да келісілмеген, сондай-ақ, ол нысанды пайдалануға беру туралы акт тіркелмеген» делінген Талғар ауданы әкімдігінің жауабында.

Айта кетейік, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан Bek Air ұшағы радардан жоғалып кетіп, әуежайдан ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай құлаған. Бортта 93 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған.

Апаттан 12 адам қаза тапты.