«Қазақстан аруы» байқауының жеңімпаздары бүгінде немен айналысып жүр?
«Қазақстан аруы» байқауының жеңімпаздары бүгінде немен айналысып жүр?
371
оқылды
Елімізде «Қазақстан аруы» әсемдік байқауы 1997 жылдан бері өткізіліп келеді. Жеңімпаз атанған сұлуымыз «Әлем аруы» және «Дүниежүзі аруы» байқауларына жолдама алып, ел намысын қорғайды. [caption id="attachment_113876" align="alignnone" width="1024"]қазақстан ©liter.kz/[/caption] Сайыс 20 жылдан астам бойы ең көрікті бойжеткендеріміз бен хас сұлуларды таңдап, жұлдызы жанды деуге болады. Гауһартаспен көмкерілген тәж, ақшалай сыйлық,  «Әлем аруына» жолдама, ТВ-дағы түсірілімдер, жарнамаға түсу – міне осындай мүмкіндіктер бәске тігілген. «Ай десе аузы, күн десе көзі бар» ең сұлулар қатарында соңғы жылдары кім болды? Бүгінде олардың немен айналысып жүргенін анықтауға тырыстық... [caption id="attachment_113879" align="alignnone" width="1024"]қазақстан ©almaty.tv[/caption] «Қазақстан аруы – 2013» байқауының жеңімпазы – 24 жастағы алматылық Айдай Исаева болды. Бір жылдан кейін ол Майамида өткен «Әлем аруы – 2014» байқауына қатысты. Сол сайыстан кейін жігіті сөз айтып, Айдай 2015 жылы тұрмысқа шықты. Қазір олардың үш баласы бар. [caption id="attachment_113882" align="alignnone" width="1024"]қазақстан ©парақшасынан алынды[/caption] ҚазҰМУ-дің түлегі бұған дейін дәрігерлік қызметін жалғастырмақ болған. Алайда "Адам жоспарлайды, Алла шешеді" демекші бүгінде аруымыз отағасысымен бірге қайырымдылық қорын құрыпты. Қазір сонымен айналысып жүргеніне бірнеше жыл болды. Арасында «Қалауым сен» бағдарламасында жүргізуші болып, бағын сынаған. [caption id="attachment_113883" align="alignnone" width="1024"]қазақстан ©парақшасынан алынды[/caption] 2014 жылдың аруы тағы бір алматылық бойжеткен болды. Регина Вандышева келесі жылында «Әлем аруы» байқауына қатысып, спорттық сайыста 4-орынды иеленді. Ол негізі Қазақстанда жеңіл атлетикадан спорт шебері еді. Сол кезде Регина әлемдегі ең көрікті 15  үздік бойжеткеннің тізіміне кірді. [caption id="attachment_113884" align="alignnone" width="1024"]қазақстан ©парақшасынан алынды[/caption] Алматылық ару үйлену тойын Италияның төрінде жасапты. Бүгінде жолдасымен Германияда тұрып жатыр.  Қазір астанасы Берлинде оның өз галлериясын ашқан. [caption id="attachment_113886" align="alignnone" width="819"]қазақстан ©парақшасынан алынды[/caption] «Ханшайым болу үшін түр-келбеттің сұлулығы емес, жандүниенің тазалығы мен мейірімділігі керек»,– дейді Регина Вандышева. [caption id="attachment_113887" align="alignnone" width="818"]қазақстан ©сурет парақшасынан алынды[/caption] «Қазақстан аруы – 2015» байқауының жеңiмпазы – 17 жастағы ақтаулық ару Әлия Мергенбаева.  Бүгінде ол  екі баланың анасы атанып отыр. [caption id="attachment_113888" align="alignnone" width="819"]қазақстан ©сурет парақшасынан алынды[/caption] Соған қарамастан өзінің туған жері Ақтаудың әлеуметтік мәселелеріне араласып, қайырымдылық жасаумен атсалысуда. [caption id="attachment_113889" align="alignnone" width="822"]қазақстан ©сурет парақшасынан алынды[/caption] Ал «Қазақстан аруы – 2016» атағын Қызылорда өкілі жеңіп алды.  Ол кезде 18 жастағы Гүлбану Әзімхан  медициналық колледждің студенті еді. Қазір 22 жастағы бойжеткен Алматыда тұрады. Косметолог-эстетист маманы екен. Осы күнде қыз-келіншектердің табиғи сұлулығын сақтауға көмектеседі. [caption id="attachment_113891" align="alignnone" width="1024"]қазақстан ©сурет интернеттен алынды[/caption] 16 жастағы «Атырау аруы» Альфия Ерсайын «Қазақстан аруы – 2018» атанды. Ол Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде «Бейнелеу өнері мен сызу мұғалімі» мамандығы бойынша оқып жатыр. Волейбол ойнап, бимен айналысқан Альфия 13 жасында модель мектебіне келген. Алайда сол кезде ата-анасы бұған қарсы болыпты. [caption id="attachment_113893" align="alignnone" width="1024"]қазақстан ©sputnik.kz[/caption] 2019 жылдың аруы – павлодарлық бойжеткен Мадина Батық танылды. Тұрмысқа шықса да, сән әлемінен қол үзген емес. Ол ел ішіндегі үздік модельдердің тізімін бастап тұр. Жақында Masaui атты өз брендін қалыптастырып жатыр. Ол жерде өзіңізге лайық киім үлгісін  алуға болады екен.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от MASAUI | Бренд женской одежды (@masaui.kz)

Жалпы, осы аралықта «Қазақстан аруы» екі рет өтпей қалды: 2017 мен 2020 жылдары. Әлемдегі көп байқауға қарағанда жыл сайын өтетін «Қазақстан Аруы» сұлулық байқауына қатысу – бүкіл Қазақстан арулары үшін тегін. Байқаудың финалына екі апта қалғанда республиканың әр қаласының сұлулары елордада жиналады. Ұйымдастырушылар олардың жүріп-тұруына, тамағына және басқа да шығындарына ақы төлейді. [caption id="attachment_113895" align="alignnone" width="1024"]қазақстан ©сурет парақшасынан алынды[/caption] Финалға дейін үлкен дайындық жүреді, кәсіби визажистер, шаштараздар, фотосуретшілер мен дефиле және би шеберлері сұлулармен жұмыс істейді. Қатысушылар кәсіби фото және бейне портфолио, іс-шара демеушілерінен жүлде алады, осының бәрі тегін. Ал жеңімпаз Қазақстанды «Әлем аруы» және «Дүниежүзі аруы» сияқты әлемдік сұлулық байқауларында танытады. Әлемдік байқауға қатысуға қажетті шығынның бәрін «Қазақстан аруы» дирекциясы өз мойнына алады. [caption id="attachment_113900" align="alignnone" width="822"]қазақстан ©сурет парақшасынан алынды[/caption] Байқаудың әділ-қазылары финал барысында қатысушылардың үздік үштігін таңдайды. Әрі қарай тікелей эфирде халықтың онлайн және sms-дауыс беруі басталады. Шешуші сөз – халықтың еншісінде. Әділ-қазылардың дауыс беру хаттамалары, онлайн және sms-дауыс беру хаттамалары байқаудың ресми сайтында «Қазақстан аруы» таңдаудың әділдігі үшін ашық түрде жарияланады. Бұл сұлба жыл сайын қайталанады және қалаған адамның бәрі дауыс берудің барлық кезеңін көре алады.