АҚШ президентінің тағдырын Сенат шешеді – Трамп импичменті
АҚШ президентінің тағдырын Сенат шешеді – Трамп импичменті

АҚШ-тың Өкілдер палатасы Дональд Трамп импичментіне қатысты құжаттарды Сенатқа жіберу туралы шешім қабылдады, – деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ВВС-ге сілтеме жасап.

Дереккөздің жазуынша, Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси тиісті құжаттарға қол қойды. Енді Сенат Президентті қызметінен босату немесе босатпау туралы шешім қабылдайды. Айта кету керек, Сенат Трамптың республикалық партиясы өкілдерінің бақылауында.

Президентке өз қызметін асыра пайдаланды және Конгресс жұмысына кедергі келтірді деген айып тағылып отыр.