Австралияда 46 000 коаладан тоғыз-ақ мыңы тірі қалды
Австралияда 46 000 коаладан тоғыз-ақ мыңы тірі қалды
5,110
оқылды

Австралияда өртке байланысты жануарлар ауруханасы жұмыс істеп жатыр, – деп жазады 24.kz AFP-ке сілтеме жасап.

Австралиядағы орман өртінен зардап шеккен коалаларды Kangaroo аралында жабайы табиғат паркіндегі ауруханада емдеп жатыр.

Зардап шеккен жануарлардың әрқайсысы нөмірленеді.

Оңтүстік Австралия ветеринарлық бөлімшесінің басшысы Стивен Селвудтың айтуынша, аралда өртке дейін шамамен 46 000 коала болған. Селвудтың есептеуінше, қазір олардан тек 9000-ы ғана қалды.