Бетпердені дұрыс кимегендерге айыппұл салынады

Бетпердені дұрыс кимегендерге айыппұл салынады

Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі бетперде тағу режимін сақтау талабы күшейтілгені туралы хабарлады, – деп жазады Алтайньюс. 

"Санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес бетперде тағу талаптары күшейтілді. Бетперде мұрынды, ауызды, иекті толығымен жауып тұруы керек және сөйлескен кезде қозғалмауы керек. Сондай-ақ оны шешіп қоюға немесе иектен төмен түсіріп қоюға болмайды", – деп хабарлады ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.
Кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жоғарыда аталған талаптар сақталмайтын болса, яғни бетперде мұрыннан төмен немесе иекте ғана тұрса айыппұл салынатын болады.