Оскар – 2020: Кімдер үмітті?
Оскар – 2020: Кімдер үмітті?

"Оскар – 2020" премиясына үміткерлер тізімі анықталды.

Тізімді бастап тұрған «Ең үздік фильм» номинациясы бойынша  – «1917».  Бұл – Бірінші дүниежүзілік соғыстың дәл ортасы. Сол жерде екі жас сарбазға өліммен тең тапсырмасы берілді. Оларға жаудың аумағын басып өтіп, жүздеген сарбаздың өмірін сақтап қалатын, қантөгісті тоқтататын құпия хабарламаны жеткізу жүктелген. Міне, қаншама адамның тағдыры солардың қолында тұр. Олар бұл соғыста жеңіске жете ме? Осындай шиелініске толы кино көрермендерін бей-жай қалдырмады.

Фильмнің режиссері – Сэм Мендес.

кино.jpg
"1917" киносы
Екіншісі, «Ford против Ferrari»  – фильмде сюжет америкалық инженерлер мен дизайнерлер тобы туралы баяндайды. 1960 жыл. Құрастырушы Карролл Шелбидің жетекшілігімен мен британдық көлік жүргізушісі Кен Майлдың қолдауымен жаңа спорт машинасын жасап шығармақшы болады. Ол көлік Ferrari-дің алдын алып, 24 сағаттық жарысқа төзімді болуы керек еді. 

Фильмнің режиссері  – Джеймс Мэнголд.

01.jpg
Ford против Ferrari
Үшінші. «Кролик Джоджо» фильмінің режиссері – Тайка Вайтити. Ол Кристина Луненстің  «Caging Skies» кітабына негізделіп түсірілген трагикомедия. Басты рөлдерді Роман Гриффин Дэвис, Томасин Маккензи, Тайка Уайтити, Ребел Уилсон, Стивен Мерчант, Альфи Аллен, Сэм Роквелл, Скарлетт Йохансон ойнады. 

бала.jpg
"Кролик Джоджо"
«Джокер» – елді елең еткізген фильм. Режиссер  Тодд Филлипстің бұл туындысы төртінші орынды табандады. Оқиға 1980 жылдардың басында болған. Әзілкеш, клоун Артур Флэк ауру анасымен бірге тұрады. Бірақ соған қарамастан анасы оны бала кезінен «күлімсіреп жүруді» үйреткен. Алайда өсе келе Артур өмірдің басқа екенін,  онда адамдардың қатігездігіне көзі жетеді. Міне, сол кезден ол елге күлкі емес, жауыздың мысқылын көрсетуге бел байлайды.  Сөйтіп, зұлым Джокер пайда болады. 
dzhoker-temnyj-rycar.jpg
«Джокер»
«Маленькие женщины» фильмі бір-біріне мүлдем ұқсамайтын төрт әпкелі-сіңлінің ер жетуі жайында. Фильм төрт ерекше қарындастың өсуі туралы баяндайды. Режиссер Грета Гервиг киноның желісін АҚШ-тағы Азамат соғысы кезінде береді. Бірақ қыздардың мәселелері қашан да өзектілігін жоймаған. Оның ішінде: алғашқы махаббат, көңілдің қалуы, сенімнің жоюдуы, өмірде өзіңді және өз орныңды табу тағы бар. 

кыз.jpeg
«Маленькие женщины»
Келесі орында тұрған фильм – Неке хикаясы. Бұл режиссер Ноа Баумбахтың былтырғы киносының бірі. Негізі фильмнің премьерасы былтыр 29 тамызда Венеция кинофестивалінде өтті. 6 қарашада фильм шектеулі түрде ғана шығарылды. 77-«Алтын глобус» сыйлығының салтанатты рәсімінде фильм алты аталымға иеленді. Соның ішінде «Үздік фильм – драма» номинациясын жеңіп алды.
 
03.jpg
«Брачная история»

«Однажды… в Голливуде» фильмінің режиссері Квентин Тарантино. Режиссер мұнда 1969 жылдың Голливудтың «алтын ғасыры» 1969 жылдың басында бірқатар оқиғаны баяндайды. Оқиға желісі әйгілі теледидар актері Рик Далтон мен көмекшісі Клифф Бут тынымсыз өзгеріп, дамып жатқан кино индустрияның әлемінде өз орнын табуға тырысады. 

04.jpg
«Однажды… в Голливуде»
«Паразиты» фильмі шым-шытырық оқиғаға толы. Жұмыссыз, бос жатқан бір әулет. Сол әулеттің отағасы отбасының материалдық жағдайын ауқатты Пак отбасы есебінен шешпекші болады. Бірақ олардың бұл таңдаған жолдары жақсылыққа апармайтын секілді.

паразиты.jpg
"Паразиты"

«Ирландец» - бұл америкалық драма фильмі. Стивен Зайллианның сценарийі бойынша режиссер Мартин Скорсезе түсірген. Фильм негізінен Чарльз Брандттың  шығармасына негізделген.

ирландец.jpg
Описание изображения