Атырауда браконьерлерден 2 тоннаға жуық балық тәркіленді
Атырауда браконьерлерден 2 тоннаға жуық балық тәркіленді
5,129
оқылды
Атырауда жыл басынан бері браконьерлерден 1 тонна 712 келі балық тәркіленді. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Жайық өзені мен Каспий теңізінде мұз қатқалы бері бірнеше рет рейдтік іс-шара өткізілген. Мақсат – балық қорына заңсыз қол сұғушыларды анықтау.
«Полиция қызметкерлері рейдтік шаралар кезінде браконьерлерден 1 тонна 712 келі қара балық тауып, тәркіледі. Заңсыз балық аулаушылардан 20 мотоцикл мен 2 автокөлік алынды. Қазір құқық бұзушыларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр» – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.