Азаматтар тілегі ескерілді

Азаматтар тілегі ескерілді

Алматы облысына қарасты бірқатар аймақтағы өзек­ті мәселелер «Nur Otan» пар­тиясының өкілдерінің ара­ласуымен оңтайлы ше­шілді. Атап айтқанда, Instagram әлеу­меттік желі­сіндегі 05_region_kz парақшасында Көксу ауданына қарасты Дарабоз ана мен Майқы би көшесі аралығында ашық жатқан ком­мунал жүйесі жайлы ақпарат тараған болатын.

«Nur Otan» партиясының өкіл­дері мен халық қалау­лы­ларының әлеуметтік желідегі мониторинг жұмыстары аясында «Nur Otan» пар­тиясы Алматы облыстық мәслихат депутаты Секенбай Шенгелбаев аталған мәселені тез арада шешу үшін тиісті ком­му­налдық салаларға хабарласып, жұмыс барысын бақылауда ұстады. Нәтижесінде, бірнеше күннен кейін ашық жатқан коммунал жүйесі темір қақпақпен жабылып, мәселе оңы­нан шешілді. Секенбай Шен­гелбаев аталған аймақтағы жағдай белгілі бола бастаған тұста бірден іске кіріс­кенін айтты. – Бұл мәселенің әлеуметтік желіде талқылануы өте орынды. Өйткені жақын маңда балалардың ойын алаңы бар, ашық жатқан құдық бала түгіл ересектер үшін де қауіпті. Сондықтан бұл мәселені бірден тұрғын үй коммунал шаруа­шылық өкілдерімен бірлесіп шешуге кірісіп, соның нәтиже­сінде ашық жатқан құдыққа бетон төселіп, аузы темір қақпақпен жабылды, – деп атап өтті облыстық мәслихат депутаты. Instagram әлеуметтік желісінің sarkand_insta парақшасында да Сарқан қаласы Қуатбаев көше­сінде орналасқан байланыс желі­сі ұзақ уақыттан бері салбырап тұр­ғаны хабарланды. Желі адамға қауіп төндіруі мүмкін екенін ес­керіп, облыстық мәсли­хат депу­таты Руслан Қожасбаев «Қазақ­те­леком» АҚ АӨТД байла­нысып, мәселені жеке бақылауына алды. Нәтижесінде, бірнеше күн­нен соң «Қазақтелеком» АҚ Сар­қан ау­данының бөлімшесіндегі маман­дары бағанада салбырап тұрған желілерді тартып, қауіпсіз дең­гейге жеткізіп, мәселе оң ше­шімін тапты.

Әбілмансұр ЖАСАН