Google қазақша аударманы жетілдірді
Google қазақша аударманы жетілдірді
Google Translate сервисі енді қазақ тіліндегі дыбыс­тауды аудара алады. Мобайл қолданбаның 22 ақпанда шыққан 6.17.0 жаңартылған нұсқасында қазақ тіліндегі дыбыстауды аударуға мүмкіндік беретін жаңа функция бар. Бұл туралы App Store-дағы «не жаңалық» қосымшасы бөлімінде жазылған.  Онлайн аудармашының десктоп-нұсқаларында қазақ тіліндегі дыбыстауды аудару әзірше іске қосылмаған. Google Translate-те қазақ тіліндегі дыбыстауды аудару мүмкіндігі пайда болатыны туралы 2017 жылы хабарланған болатын. Қазақ тілін Vоісе-to-Text технологиясына демеуші есебінен қосу жоспарланып, оған төрт миллион теңге бөлінген. Осыдан жеті жыл бұрын, яғни 2014 жылғы желтоқсанда Google Translate жүйесіне қазақ тіліне мәтіндік аударма жасау қосылған еді. Бастапқыда сынның астында қалған онлайн аудармашы бүгінде едәуір ілгерілеп келеді.

Ж.АҚҚАЙЫР