Қарасу полицейлері 6 жыл жасырынған ұрыны қолға түсірді
Қарасу полицейлері 6 жыл жасырынған ұрыны қолға түсірді
217
оқылды

Қарасу полиция бөлімінің қызметкерлері 6 жыл бойы ұрлық жасап келген Ақмола облысының 42 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық істі аяқтады. Бұл туралы Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

2013-2019 жылдар аралығында ауданның полиция бөліміне жергілікті тұрғындардан 13 өтініш келіп түсті. Қаскүнем тұрмыстық техника, автокөлік бөлшектері, аккумуляторлар, құрылыс материалдары және басқа да көптеген заттарды ұрлаған.

Барлық фактілер бойынша қылмыстық істер тіркелген, алайда олар ұзақ уақыт бойы ашылмаған. Себебі, қылмыстар әртүрлі жерлерде және түнгі уақытта ғана жасалған. Негізінен дүкендер, гараждар, автомашиналар, сондай-ақ шаруашылық орындарын тонаған.
Қаскүнем қолынан Қарасу ауданының Октябрьское, Железнодорожное, Шолғашы және Жаныспай ауылдарының тұрғындары зардап шекті.

Қарасу ауданы ПБ тергеушісі полиция майоры Константин Лоренцтің айтуынша, полиция қызметкерлері әуелі күдіктінің "Фольксваген" маркалы автомобилі барын анықтаған. Сондай-ақ, оны аудан орталығының дүкендерінің бірінде орнатылған бейнекамера түсіріп үлгерді.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында тәртіп сақшылары Ақмола облысының әріптестерімен бірлесіп, күдіктіні Есіл қаласында қолға түсірді. Тергеу барысында анықталғандай, ер адам өз облысының аумағында да бірнеше ұрлық жасап үлгерген.
Оның пәтерін тінту кезінде ұрланған көптеген заттар табылды, олар кейіннен заңды иелеріне қайтарылды. Ұсталған азамат өз кінәсін мойындады. Сонымен қатар, жәбірленушілерге материалдық шығын ішінара өтелді.

– Өткен жылдардың бірде-бір жасалған қылмыс немесе құқық бұзушылық назардан тыс қалмайды. Оларды ашу бойынша полиция қызметкерлерінің қажырлы жұмысы оң нәтиже береді, – дейді тергеуші Константин Лоренц.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жолданып, онда жақын арада қаралатын болады.
Полиция қызметкерлері өз мүліктерін ұрлауға және сақтауға қарсы тұру мақсатында облыс тұрғындарын қарапайым сақтық шараларын пайдалануды сұрайды: кіретін есікке қосымша бекіту құрылғысын орнату, көлік құралдарын, гараждарды, шаруашылық құрылыстары мен т. б. қараусыз қалдырмау.

2020 жылдың 11 қаңтарынан бастап ҚР Заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес ұрлық (тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға немесе көлік құралына заңсыз кірумен жасалған) ауыр қылмыстар санатына ауыстырылды. Бап санкциясы қатаңдатылды және мүлкін тәркілеумен 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан шектеу немесе айыру жазасын көздейді.