Телерадиокешеннің жұмысымен танысты
Телерадиокешеннің жұмысымен танысты
135
оқылды

Биыл Қазақстан Республикасы Президентінің Теле­радио­ке­шеніне – 25 жыл. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ТРК-ның жаңа аппараттық-студия кешенін аралап көріп, ұжымды мерейтойымен құттықтады. Бұл  туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли  facebook-те жазды.

«Президент Телерадиокешені жұмы­сының негізгі нә­тижелері­мен танысты. Ширек ғасыр ішінде оның қызметкерлері 800 деректі фильм түсірген. 2019 жылдың 20 наурызынан бері Мемлекет басшысының қызметі туралы 600 сағаттық видеотүсірілім жасалып, 56 деректі фильм, 450 видеоролик дайындалған. Көптеген видеоматериал Telegram және YouTube әлеуметтік желілеріне жүктелген. Президенттің Телерадиокешені Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Абайдың қара сөздері» және «Қуатты өңірлер – қуатты Қазақстан» деректі фильмдер циклын түсіруді жос­парлап отыр. Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Ақорда» резиденциясында орнатылған UHD (4K) аппараттық студия кешені таныстырылды. Бұл кешен жоғары сапалы видео­түсірілім жасауға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы Телерадиокешеннің ұжымына ел өмі­рін­дегі аса маңызды оқиғалар­ды жедел әрі сапалы жариялап көрсеткені үшін ризашылығын білдіріп, ТРК қызметкерлеріне жаңа шығармашылық табыс тіледі», – деп жазды Б.Уәли.