«Nur Otan» партиясы Атырау облысының сайлауалды бағдарламасының «Жол картасына» сәйкес, «Жайлы аймақ» бағыты бойынша іс-шараларды жүзеге асыру, бақылау жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында жұмысшы топтың отырысы өтті.
Жиынды «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаев жүргізді. Күн тәртібінде ауа конденсациясы, жылыту және тазарту жүйесінің 14 қондырғысын қазіргі экологиялық талаптарға сай жабдықтармен ауыстыру және жылыту, өнеркәсіп объектілерінде жоғары қысымды клапандарды жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ 2021-2025 жылдар аралығындағы ірі өндірістік I-санаттағы мұнай-газ кәсіпорындарында, яғни «НСОС», «ТШО», «АМӨЗ» және тағы басқа ірі өндіріс орындарында ауаның құрамын онлайн режимде қадағалау жүйелерін орнату жұмыстарын бақылауға алу мәселесі де басты жоспарға алынды. Жиын қорытындысы бойынша жұмысшы топ алдағы уақытта аталған бағытта іс-шаралар жоспарына сәйкес қоғамдық бақылау, мониторинг жүргізу және басқа форматта Атырау облысының экологиялық ахуалын тұрақтандыру бойынша жұмыс атқаратын болды.Әбілмансұр ЖАСАН