Тұрғындар өтінішін орындады
Тұрғындар өтінішін орындады
141
оқылды

«Nur Otan» партиясы Қы­зыл­орда облыстық филиа­лы­ның қоғамдық қабылдау бөл­ме­сіне келген Қы­зыл­орда қа­ла­сындағы Жарқын­ба­ев көшесінің тұрғыны А.Абдреев сол маңдағы тұр­ғын­дардың өтінішін жеткізді.

Ол әңгіме барысында қаладағы Байтұрсынов –Тоқмағанбетов кө­шелерінің қиылысындағы кәріз жүйесінен ақау шығу салдарынан сол көшедегі үйлердің аулаларын лас су басып жатқанын айтып, осы мәселені біржақты етуді сұрады. «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы мәселені бақылауға алып, жедел түрде коммуналдық шаруашылық мекемелерімен байланыс жасады. Нәти­жесінде, «Қызылорда су жүйесі» кәсіпорнымен тиісті жөндеу жұ­мыстары жүргізіліп, кәріз су жүйесі қайта қалпына келтірілді. Атқарылған нәтижелі жұмыстар бойынша қала тұрғыны А.Абдреев «Nur Otan» партия­сы Қызылорда облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне хабарласып, көше тұрғындары атынан алғысын білдірді.

Әбілмансұр ЖАСАН