Алматы әкімдігі блогерлер слетіне 814 млн теңге бөліп отыр
Алматы әкімдігі блогерлер слетіне 814 млн теңге бөліп отыр
108
оқылды

Бұл туралы Zertteu Research Institute қоғамдық қоры Faсebook-тегі парақшасында жариялады.

«Достар! Парақшамызда «Сан-дерек» айдарын бастаймыз. Әр аптада бюджет, мемлекеттік сатып алу жоспарларынан түрлі қызық деректер жариялап отырамыз. Осы аптаның сан-дерегін қабыл алыңыздар! Алматы қаласының Қоғамдық даму басқармасы биыл «Блогерлердің үлкен шоуы» атты жас блогерлер мен вайнерлер слетін өткізуді жоспарлап отыр. Бұл шараға 814 млн 642 мың теңге жоспарланған. Бөлінген қаржыға қарағанда тарихи оқиғаның куәсі болатын сияқтымыз!», – делінген жазбада.

Айта кетейік, қор өз жазбасында Мемлекеттік сатып алу порталына сілтеме жасаған.

https://v3bl.goszakup.gov.kz/…/s…/2020/10505/344883/29774874