Бауыржан Исламхан "Зенитке" ауысқаны рас па?
Бауыржан Исламхан "Зенитке" ауысқаны рас па?

Ол - Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы.

Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан Санкт-Петербург қаласының "Зенит" клубына ауысады. Бұл жайында Vesti.kz порталы жариялады.

Ресейлік премьер-лиганың көшбасшысы жаңа маусым алдындағы жиынды қазір Катарда өткізіп жатыр. 

Ал Исламхан болса кеше ғана алматылық "Қайратпен" жаттығу өткізіп, бүгін, 16 қаңтарда, "Зенитке" аттанбақшы.

Футболшы "Қайраттан" ерікті агент ретінде кетсе де, команда құрамындағы оқу-жаттығу жиынынан қалмады. Негізі, оның алматылық клубпен келісімшарты 2019 жылдың соңында аяқталған. Бірақ Исламхан оны ұзартпады. Сондықтан ол ҚПЛ-да ойнай алмайды.

Сондай-ақ ресейлік "Локомотив" және "Крылья Советов" клубтары тарапынан жартылай қорғаушыға қызығушылық танытып отыр екен.