Алдағы күндері Қазақстанда -23 градусқа дейін аяз болады
Алдағы күндері Қазақстанда -23 градусқа дейін аяз болады

Синоптиктердің болжамынша, қар аралас жаңбыр жауып, боран соғады.

Әсіресе, онтүстік өңірлерде, оның ішінде Жамбыл мен Алматы облысында жауын-шашын жауады. Аяз күшейіп, ауа температурасы -23 гардусқа дейін төмендейді. Желдің екпіні секундына 28 метрге жетеді. Қызылорда мен Маңғыстауда күн күрт суытады. Солтүстік өңірлерде қалың қар жауады. Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында жел күшейіп, көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысында боран соғады. Құтқарушылар аса маңызды болмаса, алыс жолға шықпауға кеңес береді.