Қазақстан мұнай экспортынан аз пайда тапты

Қазақстан мұнай экспортынан аз пайда тапты

Шикі мұнайды негізгі сатып алушы мемлекет – Италия.

2019 жылдың қаңтар-қараша айларының қорытындысы бойынша Қазақстан 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шикі мұнай экспортын азайтты, – деп хабарлайды LS.

2019 жылдың 11 айында Қазақстан мұнайының экспорты 30,6 миллиард доллардан асты. Бұл 2018 жылдың дәл осы кезеңінен 9,2%-ға (2018 жылы 33,7 млрд доллар) кем.

Қазақстандық шикізаттың негізгі тұтынушысы Италия, 2019 жылдың қаңтар-қараша айларында 7,4 млрд долларға шикі мұнай сатып алды.Сонымен бірге есепті кезеңде Голландияға жеткізілім көлемі шамамен 3,3 млрд долларды, Францияға – 3,2 млрд долларды, Оңтүстік Кореяға – 2,7 миллиард долларды құраған. Ал, Испания мен Швейцария – әрқайсысы 2 миллиард долларға шикізат сатып алды.

Сондай-ақ, қазақстандық шикі мұнайды негізгі сатып алушылар қатарында Румыния (шамамен $ 1,6 млрд), Түркия ($ 1,4 млрд), Греция ($ 1,2 млрд), Қытай мен Үндістан (әрқайсысы $ 1,1 млрд) бар.

Көрші мемлекеттердің ішінде Қазақстаннан мұнайды Өзбекстан (48,4 млн доллар) және Ресей (22,9 млн доллар) сатып алған.