Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қазақстан Тәуелсіздігіне - 30 жыл

«Алматы декларациясы» – интеграцияға жол ашқан құжат

«Айқын» ақпарат
Ақпан 24, 2021
Қазақстан Тәуелсіздігіне - 30 жыл, Жаңалықтар, Қазақстан
декларация
18
қаралым

Әдетте Тәуелсіздік жылнамасын сөз еткенде сонау 1991 жылғы оқиғалардың еске түсетіні бар. Бәлкім сол кезеңнің тарихи, саяси, әлеуметтік-экономикалық шарттары мен сын-қатерлерін бүгінгі ұрпақ сезінбегендіктен бе, кейде азат­тық­тың алғашқы жылдарындағы оқиғаларға, түрлі келі­­­сім­шартқа үстірт қарайтын кездеріміз де болады. Әсіресе, 1991 жылғы 21 желтоқсандағы Алматы декла­рациясының егемен елдің болашағы үшін қаншалықты маңызды бол­­­ғанына назар аудармай кететініміз бар. Алайда дүбірге толы 91-дің жел­­­тоқсанындағы сол құжат кейін Қазақстанның бо­лашағын айқындаған еді.

1991 жылғы 21 желтоқсанда Қазақстанның астанасы Алматыда бұрын КСРО құрамында болған 11 республиканың басшылары маңы­зы жоғары стратегиялық ше­шім қабылдаған болатын. Қазақ­­­станның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси ерік-жігерінің нәтижесінде сол күні Тәуелсіз Мемлекеттер Дос­­тастығы құрылған-ды. Әрине, сол кездің өзінде «бір одақтан шығып, тағы бір ұйым құрудың қажеті қанша?» дегендер болды. Кейін де бұл сауалды көлденең тартқандар кездесті. Алайда Алматы деклара­­циясының нәтижесінде дүниеге келген ТМД кейін бұрынғы одақтас елдердің өзара қарым-қатына­­сының сақталуына септігін тигізіп, бір-біріне аумақтық талаптар қоюы­­ның алдын алды. Бұрынғы одақтастардың бейбіт өмір сүруіне кепілдік болды. Қазақстан үшін де Алматы декларациясы айрықша маңызды болатыны содан.

Жалпы, Кеңес Одағының құ­­рамында болған елдердің эконо­­­микасы, шаруашылығы бір-бірімен тығыз байланысқан, тіпті матасып жатқан жүйеге негізделген бола­тын. Егер 1990-1991 жылдардағы «тәуел­сіздік шерулері» кезінде осы­нау күрделі қарым-қатынас рет­­­­теліп, байланыстар белгілі мөл­шерде сақталмаған болса, кейін тәуелсіз елдердің өзара қарым-қатынасы қалай өрбитіні белгісіз еді. Содан да болар, алып одақ ыдырайтын тұста көптеген сая­саткер өзара байла­­нысты сақтап қалудың түрлі жолын іздегені бар. Әу баста одақты сақтап қалудың жолын қарастырған сая­­саткерлер егемендік туралы дек­­ларацияларды қабылдап үлгерген мемлекеттердің жаңа одағын қа­лыптастыру үшін әрекет жасаған-ды. Өйткені одақ құрамында болған елдердің өзара байланысын бірден шорт кесіп, үзуге болмайтын еді. Оның үстіне, аймақтық қауіпсіздік, эконо­ми­калық байланыстар, КСРО-дан қалған мұраларды дау-жанжалсыз бөлісу тәрізді күрделі мәселелер тұрды. Айталық, Кеңес Одағы кезінде Қазақстанның көптеген ірі өндірістері тікелей Мәскеуге бағы­натын. Олардың қатарында Қара­ғанды облысындағы ірі металлургия зауыттары, Екі­­бастұздың көмір разъездері тәрізді ірі кәсіпорындар болды. Мұндай жағдайда өзара байланыстарды үзуге болмайтын еді. Одан бөлек, КСРО-ның ыды­рағанын ресми түрде құжат арқылы бекіту қажет еді. Ал ондай құжат Алматы дек­ларациясы болатын. Әрі декларация одақтың бейбіт түрде ыдырауына жол ашқан құжат еді.

Әрине, өткен күндер жайлы «әйтер еді, бүйтер еді» деп сөйлеу қисынсыз. Дегенмен 1986-1991 жыл­­дар аралығында одақтың түк­пір-түкпірінде болған толқуларда тұрғындар қанының төгілуі, одақ­тас республикалардың бірқа­­та­рының арасында бір-біріне қырғи қабақ ұстанымдардың пайда болуы одақты бейбіт түрде та­­ра­тып, экс-одақтастарды өзара ке­тіспейтіндей ету маңыздылығын көрсетті. Со­нымен қатар кейбір мәселеде құ­рылымдық біртұтастық сақтап қалу қажет еді. Мәселен, одақ ыды­ра­ғанға дейін оның сыртқы шекара­сын ортақ әскер күзетіп тұрды. Бірақ КСРО қарулы күштерінің жеке құрамында Ресей­дің, Украина мен Беларусьтің үлесі басым еді. Егер ТМД құ­­рылмай, тәуелсіз мем­лекеттер жан-жаққа кеткен болса, ортақ сыртқы шекараны күзету әркімнің жеке ісі болып қалар еді де, жаңа­дан азат­­тық алған, мем­лекет­ті енді қалып­тас­ты­рып жатқан елдер түрлі сын-қа­термен бетпе-бет келуі мүм­­­кін еді. Әсіресе, оңтүстік шека­­­радан тө­­нетін қауіп аз емес-ті. Со­нымен қатар бірқатар мемле­­­­кеттің ау­мағында орналасқан баллис­ти­калық зымырандар, яд­ролық оқтұмсықтар ұстағанның уысында, тістегеннің аузында кетуі де ық­тимал болатын. Сон­­­дықтан Нұрсұлтан Назарбаев­тың белсенді әрекеттерінің нәти­­жесінде 1991 жыл­дың 21 желтоқ­­саны күні кеңес­тік 11 республи­­каның бас­шылары Алматыда бір үстелдің басына жиналды. Өт­­­кізілген келіс­сөздердің қоры­­­тын­дысында «ТМД-ның Ал­маты дек­лара­ция­сы» қабыл­данып, онда Тәуелсіз Мем­­лекеттер Дос­тасты­ғының құ­­­­­­­рыл­ғаны жа­рия­ланды, оның тең құ­қылы бір­лес­тікке ұмтылысы ай­қын­далып, мақсат­тары мен ұста­­нымдары нақ­­тыланды. Кейін Қазақстан ШЫҰ, АӨСШК тәрізді ұйым­дардың құ­рылуына, түркі тілдес мемле­кет­тердің интег­ра­­­­­­­ция­­­­­лық про­­­­­­­цес­теріне ұйытқы бол­­ды. Біз­дің пайым­­­дауымызша, «Алматы дек­­ла­­­­рациясы» тәуелсіз елдің жа­һан­­дық интеграцияға ара­­ла­­­­суы­ның басы болған сыңайлы.

Азат елдің нышаны

Әлеммен терезені теңестірген ұйым

Ел тірегі – тәуелсіздік пен татулық

Ардақ СҰЛТАН

 
Тегтер: Алматы декларациясыдекларацияинтеграцияқұжаттәуелсіздік
Алдыңғы жаңалық

Пневмониядан екі адам қайтыс болды

Келесі жаңалық

«Өлетініміз анық» – ғасырдан астам тарихы бар Айдабол зауыты жұмысын тоқтатты

Ұқсас жаңалықтар

жатақхана
Жаңалықтар

Жатақханадағы жарылыстан зардап шеккен қыз қайтыс болды

Наурыз 2, 2021
Головкин
Жаңалықтар

Головкин IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын екінші рет қорғайды

Наурыз 2, 2021
полиция
Жаңалықтар

Алматыда полиция қызметкері 9 қабаттан құлап кетті

Наурыз 2, 2021
Нұркен Өтеуіл
Жаңалықтар

Белгілі актер Нұркен Өтеуіл жаңа қызметке тағайындалды

Наурыз 2, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жатақханадағы жарылыстан зардап шеккен қыз қайтыс болды

Наурыз 2, 21:49

Головкин IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын екінші рет қорғайды

Наурыз 2, 21:19

Алматыда полиция қызметкері 9 қабаттан құлап кетті

Наурыз 2, 20:30

Белгілі актер Нұркен Өтеуіл жаңа қызметке тағайындалды

Наурыз 2, 20:15

8 өңірде ескерту жарияланды

Наурыз 2, 19:59

Түркістандағы жантүршігерлік оқиға: Бес адамның мәйітін әуелі көршілері көріпті

Наурыз 2, 19:34

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары әлем елдерінде баланы кемсітуге қалай жол берілмейтінін айтты

Наурыз 2, 18:54
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

жатақхана

Жатақханадағы жарылыстан зардап шеккен қыз қайтыс болды

Наурыз 2, 2021
Головкин

Головкин IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын екінші рет қорғайды

Наурыз 2, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»