Атырауда жылу құбыры жанынан табылған нәрестеге қатысты тергеу басталды
Атырауда жылу құбыры жанынан табылған нәрестеге қатысты тергеу басталды
174
оқылды

Сәби жаңа туған нәрестелердің күтіміне арналған арнайы «кувезде» жатыр.

Атырау қалалық полициясы жылу құбыры жанынан табылған жаңа нәрестеге қатысты тергеуді бастады, – деп хабарлайды zakon.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

15 қаңтарда, таңертең Атырауда «Авангард-3» ықшам ауданында жергілікті тұрғын даладан орамалға оралған шақалақты тауып алады. Сәбиді дереу үйіне алып кірген ол бірден жедел жәрдем қызметі мен полицияға хабар берген.

Нәресте облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.

«Қазір ол жаңа туған нәрестелердің күтіміне арналған арнайы «кувезде» жатыр», – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

«Бұл фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 119-бабының 1-бөліміне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу қозғалды», – деп хабарлады Атырау қалалық ПД баспасөз қызметі.