Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Clubhouse-тың қызығы мен шыжығы

«Айқын» ақпарат
Ақпан 24, 2021
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
Clubhouse-тың қызығы мен шыжығы
30
қаралым

Әлеуметтік желілер әлемдегі ең ықпалды байланыс құралы деңгейіне жетіп, ақпарат алмасу айдынына айналып үлгерді. Жыл сайын мұндай желілер көбеймесе, азаяр емес. Жақында ғана Clubhouse атты әлеуметтік желі көпшілікті қызықтырып әкетті. Біз әлі жатырқап жүргенімізбен, Clubhouse қолданушылары артып келе жатқанын байқадық. Сонымен, оның ерекшелігі неде, оның қауіпсіздігіне кепіл бере аламыз ба?

Мәтін теруден шаршадық па?

Алдымен кез келген әлеуметтік желі өзінің ерекшеліктеріне қарай белгілі бір міндет, мақсат жүктейтінін еске алған жөн. Ал Clubhouse-тың шығу се­бебіне қа­тысты болжам өте көп. Көбі пандемияға байланыс­ты Clubhouse қашықтан дәріс өткізудің құралы ретінде пайда болғанын айтып жатады. Ра­сында да, 2020 жылдың көктемінде, коронавирусқа байланысты жер жүзінде карантин күшейген тұста ашылған. Себебі өзге адаммен тікелей сөйлесіп, әңгіме айтуға қолайлы. Дегенмен мұнда қазір бизнес өкілдерінің ықпалы артқан. Енді бұл желі күнделікті қолданатын Facebook, Instagram немесе Twitter сияқты әлеуметтік же­лілерді ығыстыра ала ма? Не­гізі, Clubhouse-тың өзге же­лі­лерден айтарлықтай артық­шылығы жоқ. Тек сіз өзгелермен аудиочат құрып, тікелей сөйлесе аласыз. Яғни, әң­­гі­­­­­­ме­лесуге ғана оңтайлы. Өзге же­лілерді ығыстыра алатынына толығымен сену қиын. Clubhouse танымал бола бас­тағаны сол еді, қазір Facebook пен Twitter соған ұқсас аудиочат функциясын қосуға әзірленіп жатыр. Демек, бұрын қолданып жүрген әлеуметтік желілер мұндай функция енгізер болса, тағы бір қосымшаны үстемелеп жүктеудің еш қажеті болмай қалуы мүмкін. Алайда тағы бір нәрсе, соңғы кездері адам­дардың мәтін теруден де шаршай бастағаны ай­­­­тылып жүр. Егер бұл жағы шын­­­­­­­­­­дыққа айналса, Clubhouse үлкен аудитория жинай алады. Бірақ адамдар мәтіннен жалықса да, визуалдан жалықпайды. Clubhouse ios құрыл­ғыларына ғана ор­­натылады. Ал Android секілді өзге бағдарламаларға жүк­телмейді. Осының өзі Clubhouse-тың кең таралуына кедергі болса керек. Қазір қолданушылардың саны 5 миллионнан енді асқан.

Periscope-тың күнін кешпей ме?

Берік Уәли Clubhouse-де пайда болған Тоқаевтың аккаунтына қатысты пікір білдірді

Clubhouse: жаңа әлеуметтік желіні кімдер қолдана алады?

Алматы облысында дәрігерлер мінген шағын автобус аударылып кетті

2015 жылы Periscope атты тікелей эфирде сөйлесуге мүмкіндік беретін әлеуметтік желі шықты. 2016 жылы осы желінің дәурені жүрген болатын. Содан кейін не болды дерсіз? Instagram желісі Periscope-тан үлгі алып, «тікелей эфир» функциясын енгізді. Көп өтпей-ақ Instagram өз қолданушыларын сақтап қалды да, Periscope адамдарынан айырылды. Жоғарыда біз өзге желілер Clubhouse-тың қарқынын басу үшін аудиочат функциясын енгізуге әзір отырғанын жеткіздік. Демек, Clubhouse та Periscope-тың тағдырын қайталап жүрмей ме деп болжам жасадық.

Clubhouse несімен қызықтырды?

Жуырда әлемге әйгілі өнертапқыш Илон Маск осы әлеуметтік желіде Ресей президентін әңгімелесуге шақырған болатын. Мұндай танымал тұлғалар желі үшін жарнама болатыны айтпаса де белгілі. Одан кейін Clubhouse-қа тіркелу құдды бір таңғажайып әлемге жолдама беретіндей әсер қалдырады. Мысалы, желіні қол­­­данатын біреу сізге шақырту жібермейінше «таңғажайып әлем­нің қонағы» бола алмайсыз. Бүгінде мұндай шақыртулар саудаланып жатыр. Olx-ке кіре қалсаңыз, төмені 2 мың теңгеден бастап, 20 мың теңгеге дейін бағаланған «шақырту билеттерін» табасыз. Тағы бір себеп – мұнда танымал тұлғалармен әң­гімелесудің мүмкіндігі бар. Шынында да, арнайы ашылған аудиочаттарда белгілі бір тақырып аясында Илон Маск, Марк Цукербергпен тілдесуге болатындай мүмкіндіктер қаралған. Одан бөлек, әлеуметтік желіде әр саланың қызы­ғушылары жиналып, әңгіме айта алады. Тіпті, әртүрлі ойын ойнатқан аудиочаттар да көп. Қазақстандық блогерлердің біразы тіркеліп үлгерген екен. Сайып келгенде, мұның бәрі жастар мен бос уақыты көп жандарды тез елітетін дүниелер секілді. Ал Clubhouse-қа тіркелген IT маман Тимур Бектұр әлеуметтік желінің қиыншылығы көп болғандық­тан, оның кең таралып кететініне сенбейді екен.

– Танымал желі болып кетеді деп айта алмаймын. Оған себеп болатын бірнеше тосқауыл бар. Әлеуметтік желі тек Iphone-ға орнатылады. Ал елімізде Android құрылғыларын қолданатындар көп. Оның өзінде шақырту алу қажет емес. Желі ағылшын тілінде. Ағылшынша білетін адамдар тіркелмесе, көп нәрсе түсініксіз. Clubhouse – белсенді қоғамдық талқылауға қатысқан азаматтар мен жастардың ойы тоғысатын жер. Қауіпсіздік жағына келсек, Clubhouse-та айтқан әңгімеңіз сақталмайды. Сондықтан уайым­­­дайтын нәрсе көрмедім, – дейді ол.

Желі қауіпсіз бе?

Clubhouse дегенде оның қауіпсіздігіне қатысты сенімсіздік белең алып тұр. Ең басты екі мә­­­­­­­­­­селе – фейк аккаунтар ашып, өзге адамның дыбыс жазбасын заңсыз пайдалану. Мысалы, жуыр­да осы әлеуметтік желіде Мем­­­­­ле­кет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан жалған аккаунтар ашылғаны анықталды. Қазір АҚШ пен Қытай аталған желіден «адамдардың жеке мәлі­­метін ұрлайды» деп секем алып отыр. Бірақ Қытайда желі тренд­­ке айналғанымен, ел үкі­­меті Clubhouse-ты бұғаттап тастады. Себебі елде тыйым са­лын­­­ған тақырыптарды осы желіде аудиочат ашып қозғағандар көбейген екен. Бұл тұста, жалпы кез келген мемлекет үшін қауіптенер дүние бар сияқты. Мәселен, діни экстремизм мен түрлі қауіпті ұйымдар көпшілікке желі арқы­­лы өз саясатын жүргізуі мүмкін-ақ. Қазір кейбір әлемдік БАҚ-та осы тақырып көп қозғалып жүр. Жоғарыда айтқанымыздай, Clubhouse жалған ақпараттың кең таралған «мекеніне» айналып кететіні сөз болып тұр. Оған қоса, желі адамдарды еңбектен алшақтатып, құр сөзге машықтануға жеткізетін сыңайлы. Дегенмен біржақты шешім шығаруға ешкімнің құзыры жоқ екені анық. Егер қолданушылар желіні ғылым, білім мен пайдалы дүниелер хақында пайдаланса, оң ықпалы тиетіні сөзсіз.

Қорыта айтсақ, Clubhouse дәурені бірсәттік отшашуға ұқсайтын секілді. Адамдарды баурап, кейіннен жоғалып кететіндей. Дегенмен толық жойылады дей алмаймыз. Аз болса да, өз қолданушыларын сақтап қалуы мүмкін. Бірақ әлеуметтік желі сана­тын­дағы өзге «гиганттар» тұрғанда, Clubhouse-ты бәрін басып озады деп болжау мүмкін емес. Ал оның қауіпсіздігі әлі де болса талас тудыратын дүние.

мадиярМадияр ТӨЛЕУ

 
Тегтер: Clubhouseақпарат алмасуәлеуметтік желібайланыс құралы
Алдыңғы жаңалық

«Елорда жастары»: Нұр-Сұлтаннан баспана алу үшін несие берілетін болды

Келесі жаңалық

Жамбылда жоғалған әйел табылмай жатыр

Ұқсас жаңалықтар

лотеррея, заңсыз ойын бизнесі, шетелдік, құмар ойын
Жаңалықтар

Шетелдіктердің Қазақстанда лотерея өткізуіне тыйым салу керек – Президент

Ақпан 25, 2021
Нұр-Сұлтан, мемлекеттік сатып алу, жемқорлық
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда мемлекеттік сатып алу кезінде 1 миллиард теңгеден астам қаржы жымқырған  

Ақпан 25, 2021
жер сату, шетелдік, жалға беру, Бозжыра, Көкжайлау
Жаңалықтар

Тоқаев шетелдіктерге жерді сатуға, жалға беруге біржола тыйым салды

Ақпан 25, 2021
баспана, үй, қолжетімді баспана, зейнетақы, ипотека
Жаңалықтар

Қазақстанда баспана мәселесі әлі де өзекті – Тоқаев

Ақпан 25, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Шетелдіктердің Қазақстанда лотерея өткізуіне тыйым салу керек – Президент

Ақпан 25, 13:23

Нұр-Сұлтанда мемлекеттік сатып алу кезінде 1 миллиард теңгеден астам қаржы жымқырған  

Ақпан 25, 13:04

Тоқаев шетелдіктерге жерді сатуға, жалға беруге біржола тыйым салды

Ақпан 25, 12:28

Қазақстанда баспана мәселесі әлі де өзекті – Тоқаев

Ақпан 25, 12:09

Кәсіпкер ауылда жұмысшыға арнап үй салса, шығынның жартысын мемлекет төлейді – Президент

Ақпан 25, 11:46

Министрлік Атыраудағы «Сасыған сайдың» проблемасын жазда шешеді 

Ақпан 25, 11:34

Әлібек Қуантыров Ұлттық экономика вице-министрі болды

Ақпан 25, 11:10
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

лотеррея, заңсыз ойын бизнесі, шетелдік, құмар ойын

Шетелдіктердің Қазақстанда лотерея өткізуіне тыйым салу керек – Президент

Ақпан 25, 2021
Нұр-Сұлтан, мемлекеттік сатып алу, жемқорлық

Нұр-Сұлтанда мемлекеттік сатып алу кезінде 1 миллиард теңгеден астам қаржы жымқырған  

Ақпан 25, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»